Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бокстан ұлттық құрама қайта жасақталды

18 Қараша, 2018

12 қараша күні жалауын көтерген ел біріншілігі бүгін өз мәресіне жетеді. Биылғы чемпионатта Қайрат Ерәлиев, Теміртас Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Асланбек Шымбергенов сынды ел абыройын халықаралық аренада қорғап жүрген боксшылармен бірге,бұрын жастар арасында өнер көрсеткен кейінгі буын өкілдері де көп болды. Жаңа құрама 2020 жылы болатын Токио Олимпиадасына лицензиялар үлестірілетін Азия чемпионаты, Әлем біріншілігі сынды байрақты додаларға қатысады.

-       Құрама сапына алынған жаңа боксшылар Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов. Тағы бір айта кетер жайт, құрамада үшінші нөмірлі болып жүрген боксшылар екінші, ал төртінші саптағылар үшінші нөмір болып ауысып жатыр. Өздеріңіз білесіздер 81 келіде өнер көрсеткен мақтанышымыз Әділбек Ниязымбетов өз мансабын аяқтады. Оның орнына келген Бек Нұрмағанбет бұл салмақта Әділбектің орнын жоқтатпайды деп ойлаймыз. 49, 56, 75, 91 және аса ауыр салмақ дәрежелерінде өнер көрсетіп жүрген спортшылар өз орындарында қалды.

Ұлттық құраманың биылғы оқу-жаттығулары 6-13 желтоқсан аралығында Астанада өтеді. Сол уақытта Әділбек Ниязымбетовтың орнына ұлттық құраманың жаңа капитанының есімі де белгілі болмақ. Келер жылғы Әлем чемпионаты мен Азия біріншілігі әдеттегідей 10  салмақ бойынша өтеді.

 

Бокстан ҚР ұлттық құрамасы:


49 кг

Темиртас Жусупов

Ермек Мадиев

Жомарт Ержан

Жандос Несипжан

52 кг

Сакен Бибосынов

Азат Махметов

Анвар Музапаров

Абай Куандыков

56 кг

Кайрат Ералиев

Жанболат Кыдырбаев

Нурбол Калжанов

Оразбек Асылкулов

60 кг

Закир Сафиуллин

Саматали Толтаев

Серик Темиржанов

Багдат Уайдаев

64 кг

Бекдаулет Ибрагимов

Санатали Толтаев

Сабыржан Бекбергенов

Талгат Шайкен

69 кг

Аблайхан Жусупов

Асланбек Шымбергенов

Ермахан Жакпеков

Маулен Оскенбек

75 кг

Абильхан Аманкул

Ерик Альжанов

Турсынбай Кулахмет

Нурбек Оралбай

81 кг

Бек Нурмаганбет

Тимур Ержанов

Михаил Коханчик

Нурлан Сабиров

91 кг

Василий Левит

Бекзад Нурдаулетов

Абзал Куттыбеков

Айбек Оралбай

+91

Камшибек Кункабаев

Нурлан Сапарбай

Айболды Дауренулы

Дамир Тойбай

 

Наверх