10 мәрте жалауын көтеріп отырған нәзік жандар арасындағы бокстан Әлем біріншілігі Нью-Дели шаһарында орналасқан Индира Ганди атындағы спорт кешенінде 15-24 қараша аралығында өтеді. Биылғы чемпионатқа 62 мемлекеттен 270 спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде Қазақстан құрамасы да бар.Еліміздің намысын қорғайтын қыздарды естеріңізге сала кетейік.
Әйгерім Қасенаева (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Назым Ищанова (57 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Ақерке Бақытжан (69 келі), Аида Оңдаш (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары).
Чемпионаттың екінші күнінде 4 боксшымыз рингке шықты. Олар Дина Жоламан (54 кг), Ақерке Бақытжан (69 кг), Айгерім Қасенаева (48 кг) мен Карина Ибрагимова (60 кг).
Дина Жоламан (54 кг) Хирута Мизукиден (Жапония) айласын асырды.
Ақерке Бақытжан (69 кг) Эрденет Энхбаатарды (Маңғолия) тізе бүктірді.
Әйгерім Қасенаева (48 кг) америкалық Джазилл Бобадильяны ұтты.
Карина Ибрагимова (60 кг) Иман Хелифтен (Алжир) басым түсті.
17 қараша күнгі турнир кестесі.
Күндізгі сессия Астана уақыты бойынша 13:30 басталады
Жайна Шекербекова - Эсотия Ндонгала (Конго), Б рингі.
Назым Ищанова - Тамара Радунович (Черногория), А рингі.
Кешкі сессия 18:30 басталады
Аида Оңдаш - Наташа Гале (Ұлыбритания), Б рингі
Тікелей эфирді "BFI Official" YouTube каналынан көре аласыздар
Ринг А, 13:30
Ринг Б, 13:30
Фото: Сергей ШТРАК