Қазақстандық бокс федерациясы
    Ғафур Рақымов - AIBA Президенті
    Ғафур Рақымов - AIBA Президенті
     «Халықаралық әуесқой бокс федерациясының» (AIBA) Президенттігіне бауырлас елдің өкілдері кандидат болған еді
    03 Қараша 2018

     Азия бокс конфедерациясының Президенті Серік Қонақбаев пен AIBA Президентінің міндетін атқарушы болған Ғафур Рақымов бокс әлеміндегі танымал тұлғалар. Екеуі де осы саланың жілігін шағып, майын ішкен өз ісінің қас шеберлері екені даусыз. Сондықтан да, бұл азаматтардың әуесқой бокстың әлемдік ұйымын басқаруға ұмтылуы Өзбекстан мен Қазақстан үшін мақтанарлық жайт. 3 қараша, сенбі күні Мәскеуде өткен АИБА конгресінде Ғафур Рақымов 136 дауыстың 86 ие болды. Осылайша дүние жүзіндегі барлық мемлекеттердің ұлттық бокс федерациялары Өзбекстан елінің өкіліне сенім білдірді. Ғафур Рақымов АИБА ұйымын 2022 жылға дейін басқарады.