Бүгін Азия бокс конфедерациясының президенті Қонақбаев Серік Керімбекұлы 59 жасқа толды
Құрметті Серік Керімбекұлы!
Сіздің отандық боксты жандандыру жолында атқарып жатқан шаруаларыңыз ұшан-теңіз. Спорттағы жүріп өткен жолыңыз келешек ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Қазақстанда нөмірі бірінші спортқа айналған бокстың бағын жандырып, әлі талай чемпиондар мен бапкерлер тәрбиелей беріңіз. Береке-бірлік ұялаған отбасыңызбен бақытты ғұмыр кешіп, көптеген мерейлі істердің бастамашысы болып, ел абыройын асқақтатуыңызға тілектеспіз.
Құрметпен,
ҚБФ ұжымы