Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Серік Қонақбаев Спорттық Арбитраждық Сотқа апелляциялық шағым түсірді

09 Қазан, 2018

 Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан спорттық сотқа (CAS -Court of Arbitration for Sport ) шағым түсіруге АИБА сайлау комиссиясының Серік Қонақбаевты ұйымның Президенттігіне кандидат ретінде тіркемеуі себеп болып отыр. АИБА құжаттар қабылдау мерзімін 23 қыркүйек соңғы күн деп бекіткен. Ал Швейцарияның заңы бойынша 23 қыркүйек жексенбі болғандықтан демалыс деп есептеледі. 24 қыркүйек, яғни, дүйсенбі  күні АИБА сайлау комиссиясы Серік Қонақбаевтың құжаттарын рәсімдемей қойған. Серік Қонақбаев бұл жайтқа байланысты былай деп өз пікірін білдірді. 

"Кандидатурамның бұлайша тіркелмей қалуы мені таңқалдырды. Бокстың жарқын болашағы үшін  және көпшілік қолдайтын адам басшылыққа келуі үшін 3 қазанға жоспарланған сайлау ашық әрі әділ өтуі тиіс".

Естеріңізге сала кетейік, кеше ғана Буэнос-айрес қаласында өткен ХОК Атқарушы кеңесінің отырысында ұйым Президенті Томас Бах, АИБА басшылығына сенімсіздік білдірген болатын. Тіпті, олимпиадалық спорт түрі ретінде ассоциацияның лицензиясын кері қайыру мәселесі де айтылды. Егер бұлай болған жағдайда, бокс 2020 жылы Токио Олимпиадасынан алынып тасталуы мүмкін. Және ХОК АИБА ұйымына қатысты  осы ұстанымын барлық ұлттық федерацияларға хат жолдау арқылы білдірген.

Сонымен қатар, ХОК Ғафур Рахимов мырзаны Аргентинада өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасына тіркемей қойған.

Наверх