Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Карина Ибрагимова: «Барлық кездесулер оңай болған жоқ»

19 Қыркүйек, 2018

 Карина Ибрагимова (60 келі) Польшада өткен жарысқа қатысты өз ойын білдірді

 15 қыркүйекте Гливице қаласында бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы қатысқан XIII халықаралық турнир өз мәресіне жетіп, спортшыларымыздың 9 медаль еншілегенін өздеріңізге сүйіншілеп жеткізген едік. 4 алтынның біреуін иемденген Ақмола облысының саңлағы Карина Ибрагимовамен хабарласып, жарыстан кейінгі пікірін сұраған болатынбыз.

-       Финалдық кездесуден соң сіздің қолыңызды көтергенде қандай сезімде болдыңыз?

-       Бірінші кезекте бапкерлерім мен ата-анамның үмітін ақтағаныма қуандым. Әрине кез-келген жеңіс жанға шаттық ұялатары хақ 

-       Турнирдің ұйымдастырылуы жайында, деңгейі туралы пікіріңіз қандай?

-       Турнир жақсы ұйымдастырылған. 18 елден келген боксшылардың бәрі мықты. Ішінде осалы жоқ. Әрбір кездесуге, әр қарсыласқа тыңғылықты дайындалдым. Оның үстіне басқа елде, өзге жерде өтіп жатқандықтан шаршы алаңға үйрену керек, аудиторияны сезіну керек дегендей мәселелер бар. Халықаралық деңгейдегі мұндай турнирлер бізге барынша шыңдала түсуге мүмкіндік береді.

-       Финалдық кездесу қиынға соққан болар? Қанша дегенмен ол да барлығын жеңіп шығып отыр ғой?

 

-       Ақтық кездесуде ресейлік Анастасия Беляковамен жұдырықтастым. Ол 2016 жылғы Рио олимпиадасының жүлдегері, Әлем чемпионы. Осы турнирде онымен алғаш рет рингке шықтым. Жекпе-жекке тыңғылықты әзір болдым және бапкерлерімнің айтқанын мүлтіксіз орындауымның арқасында жеңіске жеттім.

Фото: Сергей Штрак

Наверх