Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Силезия өңірінде өтіп жатқан сайыстың екінші күнінде 5 боксшымыздың бағы жанды

12 Қыркүйек, 2018

 Польша Республикасының 16 аймағының бірі Силезия воеводствосындағы (әкімшілік-аумақ) Гливице (екі жүз мың халқы бар) шаһарында жалауын көтерген арулар арасындағы жарыстың қазір нақ қызған шағы

Осымен 13 мәрте өтіп отырған турнирге Қазақстан Республикасын қосқанда 21 елдің өкілдері қатысып жатыр.  Жарыстың екінші күнінде жерлестеріміз Айжан Ходжабекова (60 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Ләззат Күнгейбаева (81+ келі), Назым Ищанова (57 келі), Влада Кухта (57 келі), Милана Сафронова (64 келі) мен Мадина Нұршаева (64 келі) шаршы алаңға көтерілді. Айжан Ходжабекова (60 келі) мен Назым Ищанова (57 келі), өкінішке орай, қарсыластарына есе жіберді. Айжан Ходжабекова төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Үндістан Республикасынан келген Лайсам Сарите Девиден, ал Назым Ищанова Канада елінің өкілі Сабрине Аубиннен ұтылды. Есеп 2:3.

Карина Ибрагимова (60 келі) алғашқы кездесуінде Швейцария Конфедерациясының спортшысы Сандра Брюггерді тізе бүктірді.

Ләззат Күнгейбаева (81+ келі) үндістандық Сима Пуниді жеңді.

Влада Кухта (57 келі) Словения Республикасынан келген Вида Рудольфты ұтты. Енді ол келесі кездесуін қандасымыз Назым Ищановадан басым түскен канадалықСабрина Аубинмен өткізеді.

Милана Сафронова (64 келі) бір-ақ раунд өткізіп, төрешілер кездесуді уақытынан бұрын тоқтатты. Жеңіс біздің жерлесіміздің еншісінде.

Жарыстың екінші күнінде соңғы болып рингке көтерілген, Мадина Нұршаева (64 келі) жергілікті спортшы Катарина Антосевичтен басым болды.

Силезиядағы сайысқа барған 10 боксшымыздың жетеуі әзірге сүрінбей келеді.

Бүгін рингке Әйгерім Қасенаева (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Кухта Влада (57 келі), Карина Ибрагимова (60 келі) шығады. Барлығы да ширек финалдық кездесулер өткізеді.

12 мен 14 қыркүйек аралығындағы жекпе-жектер күніне екі мезгілде өтеді. Астана уақыты бойынша 15:00 және 21:00 басталады. 15 қыркүйек жарыстың соңғы күні жекпе-жектер 21:00 жоспарланған.

Көрсетілім сілтемесі: https://www.youtube.com/channel/UC1WrrnARou7u6Co7FUlamuw/

Наверх