Абай Қуандықов (52 келі), Бекболат Құрамысов (69 келі) пен Ержан Ордабаев (60 келі) жеңіс тұғырынан көрінді
6 қыркүйекте Қалмақ Республикасының астанасы Элиста қаласында кезекті Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалда екі жерлесіміз өнер көрсетті. Бірі – Абай Қуандықов (52 келі), екіншісі – Бекболат Құрамысов (69 келі).
Абай Қуандықов (52 келі) ақтық сында Тайбэй елінен келген Хон Чуан-Хсунды тізе бүктірді.
Бекболат Құрамысов (69 келі) финалда тағы бір Тайбэй өкілі Пан Хун-Мингпен жұдырықтасты. Өте тартысты өткен жекпе-жекте қазылар жеңісті қарсыласқа беріп жіберді.
Алдында хабарлағанымыздай тағы бір отандасымыз Ержан Ордабаев (60 келі) қола медальды қанағат тұтқан болатын.
Боксшыларымыздың жеңісі құтты болсын!
Фото: Атырау бокс федерациясы