ҚР Президенті Кубогы үшін бокстан Халықаралық турнирдің жартылай финалы басталды.
Алғашқы жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жапондық Намики Цукумимен кездесті.
Назым Қызайбай өз қарсыласынан жасы жағынан да, бойы жағынан да үлкен болса, алғашқы раундта қорғанып жүріп бокстасты. Ал жапондық қыздың жылдам соққылары діттеген жеріне жетіп жатты. Алайда Назым Қызайбай да қарап қалмады. Сәті түскенде джебтерін де, кросстарын да шебер іске асыра білді. Бірақ жапондық боксшы өз шабуылдарын бәсеңдетпеді, үнемі қысым жасап жүрді. Екінші раундта Намики Цукуми өз шабуылдарын жалғастырды. Бірақ қазақстандық боксшы қыздың қорғанысы бекем, қарымта шабуылдары жақсы өтті. Үшінші раунда екі боксшы да белсенді қимылдап, кезек-кезек соққы жасап жүрді.
Төрешілер шешімімен жапондық боксшы жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионын жолда қалдырды. Жалпы есеп - 2:3. Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды.