Қазақстандық бокс федерациясы
    Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Астанадағы турнирді жеңіспен бастады
    Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Астанадағы турнирді жеңіспен бастады
    Астана қаласында бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық дәстүрлі турнирі өтіп жатыр.
    07 Маусым 2018

    Дәл қазір 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшылардың 1/8 финалдық кездесулері өтуде.

    2017 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл Индия боксшысы Ашиш Кумарды жеңіп, ширек финалға шықты. 21 жастағы отандасымыз қарсыласын еш қиындықсыз ұтты.

    Ал осыдан сәл бұрын 60 келіде өнер көрсеткен Әділет Құрметов пен Закир Сафиуллин де ширек финалға жолдама алған еді.

    Естеріңізге сала кетейік, бокс бәсекесі 5-10 маусым күндері «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.