Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

«Астана арландары» мен «British Lionhearts» командалары Шеффилдте кездеседі

10 Мамыр, 2018

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясындағы «Астана арландары» — «British Lionhearts» жекпе-жегінің өтетін орны белгілі болды.

 Алғашқы кездесу 17 мамыр күні Англияның Шеффилд қаласындағы Ponds Forge International орталығында өтеді. Ал қарымта кездесуді 26 мамырда Атыраудағы «Жайық» спорт кешені қабылдайды.

Айта кетейік, Щвецарияның Лозанна қаласында тартылған Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалының жеребесі бойынша «Арландар» жартылай финалда Ұлыбританияның British Lionhearts командасымен кездесетін болған. Қос команда арасындағы алғашқы жекпе-жек 17 мамыр күндері өтеді.

prosports.kz

Наверх