Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Мырзағали Айтжанов боксшы кезінде қалай жұдырықтасқан?

05 Сәуір, 2018

Ол КСРО жасөспірімдер құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған.

 Ғаламторда қазіргі уақытта бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың боксшы кезіндегі жекпе-жектері шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Мырзағали Құланұлы 2009 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырып келеді. Құрамамыздың соңғы жетістіктері де тікелей осы танымал маманмен байланысты. Айтжановтың шәкірттерінің арасында әлемдік аренада топ жарған Еркебұлан Шынәлиев, Біржан Жақыпов және Қайрат Ерәлиев секілді боксшылар бар. 

Айтжанов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Сондай-ақ Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1988 жылы ол КСРО жасөспірімдер құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған. 

Наверх