Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Назым Қызайбай халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

07 Наурыз, 2018

Ақмола облысында бокстан әйелдер арасындағы ТМД елдерінің ашық кубогы аяқталды.

Бурабай баурайында өткен бокс бәсекесіне елімізден бөлек Вьетнам, Үндістан, Украина, Ресей, Қырғызстан және Қытай Тайпэйінен 80-нен астам боксшы қыз-келіншектер қатысты. 10 салмақ дәрежесінде өткен шаршы алаң сайысында Қазақстан мен Украинаның бұрымды боксшылары жақсы нәтиже көрсетті. 51 келі салмақта әлем чемпионы Назым Қызайбай турнир жеңімпазы атанды. 54 келі салмақта Дина Жоламан топ жарды.

Айта кетейік, аталған халықаралық турнир қыздар арасында елімізден шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері Марина Вольнованың жүлдесіне арналды.

Назым Қызайбай, турнир жеңімпазы:

– Қазақстан біріншілігі алдындағы турнир жақсы өтті. Қазақстан біріншілігіне дайындалуға жақсы мүмкіндік. Сондықтан қыздар жақсылап дайындалып жатыр. Осы жылы біз үшін жарыстар көп. Азия ойындары мен әлем біріншілігі бар. Олимпиадаға аз уақыт қалды. Уақыт зымырап өтіп жатыр.

Наверх