Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Әшкеев пен Нұрсұлтанов «Мэдисон Сквер Гарденде» жеңіске жетті

04 Наурыз, 2018

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов бүгін Нью-Йорк қаласында кезекті жекпе-жектерін өткізді

Қос боксшымыз «Мэдисон Сквер Гарден» спорт кешенінде өткен Сергей Ковалев - Игорь Михалкин жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетті. 

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Мадияр Әшкеев қарсыласы доминикандық Хосе Антонио Абреуді бірінші раундта-ақ сұлатып түсірді. Бұл Мадиярдың кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісі.

Ал Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Алехандро Торреспен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы қарсыласын алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

prosports.kz

 

Наверх