Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан турнирде Ресей боксшыларынан жеңіліп қалды

16 Ақпан, 2018

Қазақстан құрамасы енді Өзбекстан боксшылармен жекпе-жек өткізеді.

Бокстан Қазақстан құрамасы Алматы маңындағы AIBA академиясында өтіп жатқан турнирде Ресей құрамасының жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Екі құрама арасындағы кездесуде аса ауыр салмақтағы боксшыларың жекпе-жегі болды. Бірақ бұл айқаста отандасымыз Нұрболат Сермаханов ресейлік Илья Квасниковтен жеңілді. Осышайда Ресей құрамасы 6:4 есебімен үстем түсті. 

Басқа жекпе-жектерден Әділет Құрметов пен Артур Субханкулов арасындағы кездесуге тоқталуға болады. Бұл кездесуде ресейлік боксшының қабағы жарылып, отандасымыз жеңіске жетті. 

Сондай-ақ Ресей құрамасына қарсы 19-жастағы Михаил Коханчик ұлттық құрама сапындағы бірінші кездесуін өткізіп, тәжірибелі Имам Хатаевтан жеңіліп қалды. 

Енді Қазақстанның екінші ондығы түскен кейін Өзбекстан құрамасымен кездеседі. Бұл айқасқа қатысатын боксшылардың тізімін мына жерден көре аласыздар. 

Қазақстан - Ресей (жеңімпаздар қарамен белгіленген)

49келі: Шалкар Айқынбай - Ислам Абумуслимов

52 келі: Олжас Байниязов - Тамир Галанов

56 келі: Нұрбол Қалжанов - Бахтовар Назиров

60 келі: Әділет Құрметов - Артур Субханкулов

64 келі: Сабыр Бекбергенов - Иван Козловский

69 келі: Қанағат Маралов - Сергей Сабылинский

75 келі: Тұрсынбай Құлахмет - Александр Агафонов

81 келі: Михаил Коханчик - Имам Хатаев

91 келі: Абзал Құттыбеков - Магомедмурад Арысланбеков

91 келіден жоғары: Нұрболат Сермаханов - Илья Квасников

kaz.vesti.kz

Наверх