Қазақстандық бокс федерациясы
    «Астана арландары» WSB жобасындағы екінші кездесуін Ақмола облысында өткізеді
    «Астана арландары» WSB жобасындағы екінші кездесуін Ақмола облысында өткізеді
    Жекпе-жек 24-ақпанда болады.
    15 Ақпан 2018

    Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін "Астана арландары" клубы жобадағы ресейлік "Patrion Boxing" командасына қарсы екінші кездесуін Көкшетау маңындағы Щучинск қаласында өткізеді. Бұл туралы клубтың ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.  Кездесу 24-ақпан күні Астана уақытымен 17:00-де басталады. Жекпе-жектер "Жақсы-2" спорт кешенінде өтеді.  Еске салайық, жаңа маусымның бірінші жекпе-жегінде қазақстандық клуб үндістандық "Индиан Тайгерс" командасын Қарағандыда қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

    kaz.vesti.kz