Қазақстандық бокс федерациясы
    Данияр Елеусінов Әзірбайжанда өтетін додаға қатысады
    Данияр Елеусінов Әзірбайжанда өтетін додаға қатысады
    Бұл боксшымыздың Олимпиада ойындарынан кейінгі бірінші ірі турнирі болмақ.
    12 Ақпан 2018

    Бокстан Әзірбайжанда өтетін халықаралық турнирде 2016 жылы Риода топ жарған қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов қатысатын болады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.  Қазақстан құрамасының бұрынғы капитан сол Олимпиада ойындарынан кейін әлі де жекпе-жек өткізген жоқ. Былтыр 26 жастағы боксшымыз кәсіпқой боксқа ауысқысы келген.  Өткен жылы Елеусінов автралиялық промоутерлік компаниялардың бірімен келісімшарт жасап еді. Бірақ кейіннен екі дүркін Олимпиада чемпионы атанамын деп алдына мақсат қойып, әуесқой боксқа қайта келді.  Әзірбайжанда турнир 8 және 13-наурыз аралығында өтеді. Бұл додаға Қазақстан құрамасының бапкерлері мына боксшыларды алып барады: 1. Теміртас Жүсіпов (49 келі); 2. Анвар Музапаров (52 келі); 3. Саматаәи Төлтаев (60 келі); 4. Қуан Қуатов (64 келі); 5. Данияр Елеусінов (69 келі); 6. Ерік Әлжанов (75 келі); 7. Нұрбол Алтаев (91 келі); 8. Олжас Бұқаев (91 келіден жоғары). kaz.vesti.kz