Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бейбіт Шүменов мансабын қайта бастамақ

31 Қаңтар, 2018

Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Бейбіт Шүменов кәсіпқой мансабын қайта бастамақ.

 «Мансабымды неге тоқтатқанымды айтқым келеді. Менеджеріммен қиындықтар болды, ол маған қажетті жекпе-жектерді өткізе алмады. Оған қоса, көзімнің жарақаты да әсер етті. Маған үзіліс қажет еді. Енді жарақатымнан айықтым, мансабымды қайта жалғастырғым келеді. Қазір келесі жекпе-жек туралы келіссөз жүріп жатыр. Нақты ақпарат шыққанда, хабарын береміз», - деді Шүменов Астанадағы баспасөз-мәслихатында.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр сәуірде Бейбіт Шүменов кубалық Юниер Дортикоспен жекпе-жекке дайындалып жатып, ауыр жарақат алған болатын. Кейін мансабын аяқтайтынын хабарлады.

prosports.kz

Наверх