Қазақстандық бокс федерациясы
    Қазақстандық боксшы қыздар Сербиядағы халықаралық турнирде 24 медаль жеңіп алды
    Қазақстандық боксшы қыздар Сербиядағы халықаралық турнирде 24 медаль жеңіп алды
    Сербияның Самбор қаласында ұйымдастырылған "Nations Cup-2018" халықаралық турнирі аяқталды.
    23 Қаңтар 2018

    Бокстан Сербияның Самбор қаласында ұйымдастырылған "Nations Cup-2018" халықаралық турнирі аяқталды. Қыздар арасында өтетін дәстүрлі жарыс биыл жетінші рет өз жалауын желбіретті.

    Қазақстандық боксшы қыздар бұл бокс бәсекесінде жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Биыл да жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында өткен жарыста отандастарымыз барлығы 24 медаль (7 алтын 7 күміс 10 қола) жеңіп алды.

    Қазақстан құрамасы Сербиядағы жарысқа тас-түйін дайындықпен барды. Ересектер арасында Фариза Шолтай (81), Дина Жоламан (54), Карина Ибрагимова (60), Мәдина Нұршаева (64), Дариға Шәкімова (75) және Ләззат Кунгейбаева (+81) жеңімпаз атанды. Алина Тұрлыбаева(48), Жайна Шекербекова (51), Аида Тұяқбай (54), Назым Ищанова (57) мен Ақерке Бақытжан(75) күміс медаль еншіледі.

    Қазақстан құрамасының қоржынына түскен тағы бір алтын жүлдені жасөспірімдер арасында 48 кг-ға дейінгі салмақта Шырайлым Бақытжан жеңіп алды. Ал жұдырықтасу шеберлігі мен шабуылдағы шапшаңдығымен ерекшеленген қазақстандық боксшы қыз Карина Ибрагимова үздік боксшыға берілетін басты сыйлықты иеленді.

    kaz.vesti.kz