Қазақстандық бокс федерациясы
    Сағадат Рақманқұлов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін ақпанда өткізетін болды
    Сағадат Рақманқұлов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін ақпанда өткізетін болды
    Жекпе-жек Невада штатында өтеді.
    09 Қаңтар 2018

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рақманқұлов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 16 ақпан күні АҚШ-та өткізетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.  24 жастағы боксшының айтуынша, жекпе-жек Невада штатындағы Рено қаласында өтеді. Отандасымыз қай салмақта және оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз болып тұр. Айта кетейік, Рақманқұлов былтыр күзде Окснард қаласына (Калифорния штаты) барып, Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов және Асхат Уалиханов секілді боксшылармен бірге жаттығу жұмыстарын өткізді.  Әуесқой бокста Сағадат 69 келі салмақта өнер көрсетті. Ол 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2014 жылы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.  Отандасымыздың қатысуымен өтетін бокс кешін танымал Боб Арум басқаратын Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Бұл компанияның ең танымал боксшылардың қатарында жартылай жеңіл салмақта WBO белбеуінің иегері украиналық Василий Ломаченко (9-1, 7 КО) мен сегіз салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы болғаны филиппиндік Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) бар.  kaz.vesti.kz