Қазақстандық бокс федерациясы
    Василий Жиров қайтадан бапкерлік қызметке кірісті
    Василий Жиров қайтадан бапкерлік қызметке кірісті
    Василий Жиров қайтадан бапкерлік қызметке кірісті.
    06 Қаңтар 2018

    1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы, әуесқойлар арасында Вэл Баркер Кубогының жеңімпазы, кәсіпқой бокста IBF нұсқасының бұрынғы әлем чемпионы, қазақ бокс мектебінің өкілі Василий Жиров қайтадан бапкерлік қызметке кірісті Ол АҚШ-тың Аризона штатындағы Скоттсдейл қаласында орналасқан Scottsdale Boxing Gym спорт залында жаттықтырады. Әлеуметтік желіде бапкерлік қызметін неліктен Қазақстанда жүргізбей жатқаны жайлы сұраққа Василий Жиров: «Мен қайда керек болсам, сонда жұмыс істеймін», - деп жауап берді. Еске сала кетсек, 2017 жылы боксшы Қазақстанға келіп, Балқаш пен Қарағандыны аралап көрген. Бірақ оның Қазақстанда жұмыс істеу жоспарына жергілікті спорт шенеуніктерінен жауап болмаған еді. kaz.vesti.kz