Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қарағандыда бокстан Серік Сәпиев атындағы республикалық турнир өтті

24 Қараша, 2017

Қарағанды қаласында Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевтің сыйлығына жасөспірімдер арасында алтыншы республикалық турнир өтті.

Додаға биыл 192 жас боксшы қатысты.  Ұйымдастырушылар аталмыш турнирге қатысушылар саны жылдан жылға артып отырғанын мәлім етті. Үш күнге созылған сайыстың жеңімпаздары таяуда Тараз қаласында өтетін аймақтық чемпионатқа жолдама алады.

 

Қайрат Ғалымтаев, турнирдің бас төрешісі: 

- Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атындағы турнирге көптеген жасөспірімдер қатысуға тырысады. Былғары қолғап шеберінің турнирі жастарды ынталандырады. Сондықтан жылдан жылға қатысушылардың саны да артып отыр. Турнир ұйымдастырушылары келесі жылы шетел боксшыларын шақыруды жоспарлап отыр.

khabar.kz

Наверх