Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Назым Қызайбай жартылай финалда сүрінді

07 Қараша, 2017

Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жартылай финалда КХДР-дың былғары қолғап шебері Пенг Чол Миге есе жіберді.

Қорытынды ұпай – 2:3. Осылайша ол Азия чемпионатының қола жүлдесін місе тұтты. Сондай-ақ 6 қазақстандық боксшының жартылай финалға жолдама алғанын еске саламыз.  Бүгін 64 кг келі салмақта Мадина Нуршаева таиландтық Лаопи Пимвилаймен кездеседі. Валентина Хальзова (69 кг) үндістандық Боргоайн Ловлинамен былғары қолғап түйістіреді. Сонымен қатар алда Азия чемпионы Дариға Шакимова, Мөлдір Базарбаева және Ляззат Күнгейбаевалардың жекпе-жегін тамашалайтын боламыз. 

khabar.kz

Наверх