Шымкент қаласында ерлер арасында бокстан Қазақстанның 25-ші чемпионаты басталды. Оған елімзідің барлық облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының 183 спортшысы қатысуда.
Байрақты бәсекеге Оңтүстік Қазақстан облысынан әр салмақ санатынан 2 спортшыдан қатыстыруға рұқсат берілген. Ал Алматы облысы құрамасының сапында 17 боксшы болса, Павлодар мен Жамбыл облыстарын 15-тен былғары қолғап шеберлері бәсекеге түспек. Ал Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының намысын 9-дан былғары қолғап шеберлері қорғайды. Ел біріншілігі 12 қарашаға дейін жалғасады. Оның қорытында бапкерлер штабы ұлттық құрама команданың жаңа мүшелерінің есімін жария ететін болады.
«Меніңше, бұл чемпионаттың тосынсыйлары өте көп болмақ. Өйткені, құрама 70 пайызға жаңарды. 96, 97, 98 жылдары дүниеге келген спортшылар біздің комнадада резервте, үшінші, төртінші сатыда болған еді. Ал осы жолы олар өздерін көрсетіп, бірінші болуға мүмкіндік алып отыр. Ағымдағы жылы 99 жылы дүниеге келген, Азияның жастар біріншілігінің жеңімпазы, жүлдегері, әлем жүлдегері болған спортшылар да қатысуда. Олардың да мүмкіншіліктері зор. Жастарға басымдық беретін боламыз», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан чемпионатына жастармен қатар Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы сынды танымал былғары қолғап шеберлері де қатысуда.