Азия біріншілігінің бірінші айналымда бүгін үш отандасымыз өнер көрсетеді.
Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан қыздар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық бұрымды боксшылар алғашқы кездесуін өткізді. Өкінішке қарай, бәсекенің бірінші айналымында біздің құраманың бір боксшысы жарыс жолынан шығып қалды.
Бірінші айналымда әлем чемпион Дина Жоламан жарыс жолынан шығып қалды. 54 келі салмақта сынға түскен отандасымыз корей қызық Ким Сонг Симнен жеңілді.
Ал тағы бір отандасымыз Алуа Балқыбекова бәсекені жеңіскен бастады. 48 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы бірінші айналымда қытайлық Хе Лин Юннен айласын асырды.
Еске салайық, бұған дейін тағы бір отандасымыз өнер көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, 60 келіде Римма Волосенко шаршы алаңға шығады. Ол оңтүстік кореялық О Еонжимен кездеседі.
kaz.vesti.kz