Талдықорғанда XV «Жетісу Кубогі» халықаралық бокс турнирі басталды. Бұл байрақты бәсеке 2003 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді.
«Жастар» спорт сарайында керілген шаршы алаңда еліміздің жас былғары қолғап шеберлерімен қатар Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия және Қырғызстанның спортшылары да өнер көрсетеді. 6 күнге созылатын айтулы додаға 200-ге жуық спортшы қатысуда.
Айта кетейік, Талдықорған қаласы бүгінде республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстардың жиі өтетін орынға айналды. «Жетісу Кубогі» турнирі Қазақстан спортын бүкіл әлемге танытатын жоғары дәрежелі былғары қолғап шеберлерін тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді.
Ғалым Кенжебаев, Бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері:
-Ендігі жылы бізде сәуір айында Азия чемпионаты болады Таиландта және әлем чемпионаты, Аргентинада жастар арасында үшініші Олимпиада ойындары болады. Сол жарыстарда көзге түскен боксшылар және жеңіп шыққандар ары қарай да өзінің мықтылығын дәлелдеуі керек. Қазақстан чемпионаты болады. Соның барлығынан өткен боксшылар үлкен жарыстарға қатысады.
khabar.kz