Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Астанада бокстан ІІ Халықаралық турнир өтеді

25 Қазан, 2017

Елордада жетекші жаттықтырушылар мен боксшылардың құрметіне арналған бокстан ІІ Халықаралық турнир өтеді.

26 қазан күні «Дәулет» спорт кешенінде Астана қаласының боксшылары мен жетекші жаттықтырушылардың құрметіне орай, халықаралық бокстан турнир өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.   

Турнирдің бағдарламасы бес күнге есептелген. 26 қазан – спортшылардың келетін күні. 27 қазан – мандаттық комиссияның отырысы 27-28 қазан – алдын ала жекпе-жек басталады 29 қазан – жартылай финал өтеді  30 қазан –  финалдық жекпе жек өтеді, қатысушыларды марапаттау мен кешті салтанатты түрде жабу. Бокстан халықаралық турнирге алдын ала ақпарат бойынша, Өзбекстан, Ресей, Украина, Қырғызстан елдерінің боксшылары қатысады. Турнирге қатысуға 2000-2001 жылы туылған жастар жіберіледі. Олар келесі санаттағы салмақта: 64, 69, 75, 81, 91, 91+ келі. Екінші 1999 жылы туылған және жасы одан үлкен әйелдер 48, 51, 54, 57, 60, 64, 69, 75, 80, 81+ келіде қатысады.

27 қазан күні сағат 16:00 ІІ Халықаралық бокстан турнир өтеді. 28, 29, 30 қазан күндері жекпе-жек сағат 12:00 басталады. Астана қаласындағы боксшылар мен жетекші жаттықтырушыларға арналған Халықаралық бокстан турнирді «Астана қалалық спорт және дене тәрбиесі басқармасы» мен Астана қалалық бокс федерациясы ұйымдастыруда. 

Наверх