Қазақстандық бокс федерациясы
    Бақтияр Артаев Садриддин Ахметовтен кәсіпқой бокста қандай үміт күтетінін айтты
    Бақтияр Артаев Садриддин Ахметовтен кәсіпқой бокста қандай үміт күтетінін айтты
    Ахметов бірінші орта салмақта өнер көрсетеді.
    26 Қазан 2017

    Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев Vesti.kz порталының тілшісіне жуырда ғана кәсіпқой бокстағы ауысқтан 19 жастағы жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахметовтен қандай үміт күтетініна айтып берді. 

    "Шынымды айтсам, Садриддин үшін өте қуаныштымын. Өйткені, 69 келіде біздің құрамада кіл мықты боксшылар жиналған. Көз тиіп кетпесе екен. Бұл дәстүр әлі талай уақыт жалғасады. Қазір 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, Данияр Елеусінов, Асланбек Шымбергенов секілді боксшылар бар. Олардың қатарында Ахметов те бар. Бірақ ол кәсіпқой боксқа кетті. Бұл шешімі үшін қуаныштымын. Бәсекелестік жақсы. Бірақ мұндай бәсекелестік бар жерде бір боксшыға назар аударылмай қалуы мүмкін. 

    Кәсіпқой бокста Садриддин керемет табыста жетеді деп сенемін. Кәсіпқой бокс оның стильіне келеді. Ол өте көп соққы жасайтын, кішкентай және жылдам боксшы. Жуық арады біз Садриддиннің кәсіпқой бокстағы әлем жұлдызы болғаны туралы естиміз деп ойлаймын. Алтын жігіт. Бокста керемет табысқа жетуге әбден лайық", - дейді Артаев. 

    Еске салайық, 19 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахметов өткен айда кәсіпқой боксшыға ауысқан болатын. Ол енді Қанат Ислам (25-0, 20 КО) өнер көрсететін бірінші орта салмақта бағын сынайды. 

    kaz.vesti.kz