Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Балауса Мұздиман — Фируза Шарипованың ізбасары

26 Қыркүйек, 2017

19 жастағы қазақстандық Балауса Мұздиман республика бойынша кәсіпқой рингте Фируза Шариповадан кейінгі екінші боксшы атанды.

 23 қыркүйек күні кешкі уақытта (Астана уақытымен 25 қыркүйек күні таңғы уақытпен) Алматы бокс мектебінің тәрбиленушісі Балауса екінші жеңіл салмақта (55,255 келі) америкалық Кэмри Максиді бірінші раундта нокаутпен ұтты. Монро штатында төрт раундқа белгіленген жекпе-жек алғашқы раундта-ақ аяқталды. Жекпе-жектен кейін Балауса Мұздиман қарсыласынан бұдан да үлкен қарсылық күткендігін мойындады.

«Қарсыласым маған үлкен қарсылық көрсетер, — деп ойлағам, себебі, біріншіден, ол — америкалық және ол көп уақыттан бері бокспен айналысады, екіншіден — қара нәсілді, ал мұндай қыздар физикалық тұрғыдан мықты, шыдамды келеді, сондықтан мен жекпе-жекке тыңғылықты дайындық жасадым, бірақ бірінші раундта жеңіске жеттім», — деп келтіреді қазақстандық спортшы.

Балауса Мұздиман 13 жасынан бастап бокспен айналысады, және өзінің жас шамасына қарамастан, әуесқойлар арасында көптеген белестерді бағындырып үлгерді. 14 жасында жасөспірімдер арасында ел чемпионы атанды, ал бір жылдан кейін — Болгарияда өткен Әлем чемпионатының финалисі атанды, бірақ алтын үшін өткен жекпе-жекте украиналық Ангелина Бондаренге төрешілердің шешімі бойынша есе жіберді (1:2). Бірақ бұл жеңіліс қызды шыңдай түсті. Балауса Мұздиман тынбай еңбек етуін жалғастырды және 2015 жылы Тайбэйде өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

«Балауса Мұздиман — талантты және перспиктивалық боксшы қыз. Соңғы Қазақстан чемпионатында боксшы қызға үздік үштікке кіре алмады, сондықтан ол ел құрамасына алынбады. Онда салмақ жағынан қиындықтар болды бірақ сөзсіз алға прогресс жасай алатын спортшы екеніне еш күмәнім жоқ деп ойлаймын, — деді Қазақстан құрамасының аға бапкері Вадим Присяжнюк өз сөзінде.

Спортшыға кәсіпқой рингте өз мүмкіндігін сынап көруге Геннадий Головкин және оның жарқын жеңістері себепкер болғанын өзі мойындады. Боксшы қыз жастар арасында WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Али Ахмедов сынды талантты спортшыларды жаттықтырып жүрген қазақстандық жетекші Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығады.

sportportal.kz

Наверх