Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Ресейлік боксшылардың есімі белгілі

16 Қараша, 2013

 Әзірбайжанның «Баку оттары» клубын жеңіп, тұсаукесер кездесуді сәтті бастаған «Астана арландары» келесі жекпе-жегін 23 қараша күні өткізеді. Мәскеуде өтетін жекпе-жекте «арландар» «Ресей» клубының боксшыларымен шаршы алаңға шығады. 

 Ресейлік былғары қолғап шеберлерімен болатын жекпе-жекте екінші «бестіктің» жігіттері сайысқа шығады. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы 52, 60, 69, 81, +91 келідегі боксшылар бақ сынайды.

«Р-Спорт» агенттігіне сұхбат берген ресейлік клубтың аға жаттықтырушысы Эдуард Кравцов «арландарға» қарсы жұдырықтасатын боксшылардың есімін жария етті. Оның айтуынша, 23қарашада өтетін жекпе-жекке әлемнің екі дүркін чемпионы Миша Алоян да қатысады. Бұл боксшы 52 келі салмақта өз елінің намысын қорғамақ. Сондай-ақ, Эдуард Кравцов биылғы маусымда «Астана арландары» мен «Куба қабыландарын» өздерінің басты қарсыласы санайтынын айтыпты. Әзірбайжанның «Баку оттары» командасын да мықтылар санатына қосқан Кравцов «негізгі бәсеке аталған төрт команданың арасында өтеді» дейді.
 
 
52 келі: Миша Алоян – Олжас Сәттібаев
60 келі: Адлан Абдурашидов – Самат Бәшенов
69 келі: Александр Иванов – Мейірім Нұрсұлтанов
81 келі: Дмитрий Бивол – Данабек Сужанов
+91 келі: Сергей Кузьмин – Филип Хргович
Наверх