Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

«Астана арландарды» жартылай финалдың бірінші жекпе-жегін Қостанайда өткізеді

21 Мамыр, 2017

Биылғы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалына шыққан «Астана арландары» бокс клубы алғашқы кездесуін 3 маусым күні Қостанайда Британияның «British Lionhearts» командасымен жұдырықтасады.

2014 жылдан бері «Арландар» WSB жобасындағы кездесулерін Қазақстанның әр аймағында өткізіп келеді. Еліміздің өңірлерін әлемге таныту мен сол өңірлердегі бокс жанкүйерлеріне қуаныш сыйлау – команданың басты мақсаты. «Астана арландары» клубы биыл жетінші маусым қатарынан жартылай финалға шығып отыр. WSB жобасындағы ең көп жүлделі орыннан көрінген командалардың бірі. Айта кетейік, Арландар ширек финалда Ресейдің «Patriot Boxing Team» командасын екі кездесу қорытындысы бойынша айқын жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.

Ал жартылай финалда қазақстандық клубтың қарсыласы атанған Ұлыбританияның «British Lionhearts» ширек финалда Францияның «France Fighting Roosters» командасын жарыс жолынан шығарған еді. Командалар арасындағы қарымта кездесу 8 маусым күні Лондонда өтеді. Жартылай финалдағы екінші жұпта «Cuba Domeodores» – «Colombia Heroicos» командалары кездеседі.

egemen.kz

Наверх