Бүгін Ташкентте өткен бокстан Азия чемпионатында алтын медальді қанжығасына байлаған Василий Левит алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Ташкентте әртүрлі деңгейдегі боксшылармен жұдырықтастым. Нәтижесінде, Азия чемпионаты әлі де шыңдалуым керек екенін айқындап берді. Әлем чемпионатына дейін тыңғылықты дайындалып, өз бабымда өнер көрсетемін деген ойдамын. Қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге және мені осы додаға дайындаған бапкерлеріме көп рахмет айтқым келеді», – деді Азияның 3 дүркін чемпионы.
Алмас МАНАП, «Егемен Қазақстан». Ташкенттен