Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған Ерік Әлжанов финалдағы жеңілісінің себебін айтып берді.
«Чемпион атанғым келіп еді, әттең, бұйырмады. Финалдық айқаста бар күш-жігерімді салдым. Жекпе-жек қиын болды, шаршадым. Мүмкін, жаңа салмақта тәжірибе аз болғандықтан шығар. Алда әлем чемпионаты, соған дайындықты бастау керек», – деді Азияның күміс жүлдегері.