Біздің боксшылар жеті жүлде жеңіп алды.
Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын бокстан Қазақстан жастар құрамасы Болгарияның София қаласында өткен Эмил Жакені еске түсіруге арналған халықаралық турнирде командалық есепте бірінші орын алды.
София төрінде керілген шаршы алаңда 60 келіде өне көрсететін Саматәлі Төлтаев, 64 келідегі Санатәлі Төлтаев және 69 келіде сынға түскен Ермахан Жақпеков топ жарды. Ал турнирдің қорытыдысы бойынша ұйымдастырушылар Саматәлі Төлтаевты доданың үздік боксшысы деп таныды.
64 келіде бағын сынаған Оралбай Нұрбек күміс жүлдені қанағат қылса, 52 келідегі Айбек Досанов, 56 келідегі Нығметолла Молдашев және ауыр салмақтағы Нұрдәлет Ұланы қола жүлдені еншіледі.
Осылайша жалпы жеті жүлде жеңіп алған біздің жас боксшыларымыз командалық есепте бірінші орын алды. Екінші орынды Ресей құрамасы алса, үшінші орын Әзірбайжан боксшыларына бұйырды.