ҚАЗ РУС ENG
Олимпиада-2012 ЧМ АЛМАТЫ-2013
Өзекті

Бахтияр Эюбов қарсыласын есеңгіретті.

Детройдтағы (АҚШ) MGM Grand аренасында кәсіпқой бокс кешінде жартылай орта салмақта (66,6 келі) қазақстандық Бахтияр “Bakha Bullet” Эюбов он екінші кездесуін өткізді.

 

Кешті Дмитрий Салита (Salita Promotions) ұйымдастырды. Кештің басты кездесуі Салитаның боксшысы ресейлік Николай Потапов пен америкалық Антонио Ниевес арасында жекпе-жек болатын.

 

Алты раундтық жекпе-жекте Эюбовтың қарсыласы, 17 жыл бұрын кәсіпқой боксқа келген, 39 жасар мексикалық Гилберт Венегас (15-27-5, 8KO) болды.

 

Эюбов қарсыласымен алты раунд бойы соққы алмасып, ұрғылаумен болды. Соңғы раундтарда Эюбов таза соққыларымен дөп тигізіп, 6 раундқа созылған жекпе-жекте ұпай санымен, 60-54, 59-55, 60-54 есебімен Бахтиярдың пайдасына шешілді.

 

Бахтияр кәсіпқой бокстағы он екінші жеңісіне жетті, оның онын уақытынан бұрын аяқтап отыр.

 

dodasport.kz



⇑ Наверх
⇓ Вниз