Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Серік Сапиев Мәжіліс депутаты болды

28 Ақпан, 2017

«Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Сәпиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Жұманғалиұлы Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің мүшесі етіп тіркеу туралы шешім қабылдады», - деп аталып өткен ОСК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

ҚР ОСК шешімі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысы негізінде қабылданды.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін тапсырды.

Наверх