Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Арландар жаңа маусымға дайын

30 Желтоксан, 2016

Бұған дейін белгілі болғандай Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 7-ші маусымы 2017 жылдың ақпан айынла басталады. 

Биыл Бүкіләлемдік бокс сериясында командаларды орналасқан құрлықтары бойынша топтарға бөлуді ұйғарды, осылайша жобаға қатысатын 12 команда төрт төрттен 3 топқа бөлінді:

 
1) Американдық;
 
 
2) Еуропалық;
 
 
3) Азиялық.
 
 
WSB-дың екі дүркін чемпионы «Astana Arlans»-пен азиялық топта жобаға қайта оралған China Dragons (Қытай) , өткен маусымда сәтті өнер көрсеткен Uzbek Tigers (Өзбекстан) және Russian Boxing Team (Ресей) бар.
 
 
Жаңа маусымда бас бапкер Нұрлан Ақұрпеков өзгеріссіз қалады, ал өткен мауымда клубтың кеңесшісі болған Мырзағали Айтжанов тағы да бас бапкерге кеңесші болады.
 

Ал бұл екі бапкерге елімізде танымал Андасов Нүркен, Ертаев Ермек пен Болат Жұмаділов көмектеседі. Дәстүр бойынша жаңа құрамды Қазақстанның чемпионатынан кейін хабарлады, себебі ел біріншілігінде жаңа боксшыларды іріктеп алуға болады. Арландардың жаңа құрамы ұлттық құрамамен бірге қаңтар айында алғаш рет Алматыда орналасқан АИБА-ның бокс Академиясында жаттығу жиындарын өткізеді.  Сонымен қатар, қаңтар айында боксшылармен келісім-шарт жасалып, «Astana Arlans»-тың WSB-дың жетінші маусымына тұсаукесері өткізіледі.
 

Команданың негізгі құрамына 10 салмақ дәрежесінен 20 боксшы енеді, және 17 боксшы резервте тұрады.
 
 
Алдын-ала алынған мәліметтер бойынша төмендегі боксшылар жаңа маусымда негізгі құрамда өнер көрсетеді:

49 кг: Теміртас Жүсіпов , Ермек Мадиев;
 

52 кг: Олжас Сәттібаев, Анвар Музапаров;
 

56 кг: Ілияс Сүлейменов, Жанболат Қыдырбаев;
 

60 кг: Зәкір Сафиуллин, Мирасәлі Сәрсенов;
 

64 кг: Ділмұрат Мижитов, Мақсат Жексенбі;
 

69 кг: Асланбек Шымбергенов, Қанағат Маралов;
 

75 кг: Ерік Әлжанов, Сапарбай Айдаров;
 

81 кг: Нұрдаулет Жарманов, Арман Рысбек;
 

91 кг: Антон Пинчук, Мұхамеджан Еркін;
 

+91 кг: Олжас Боқаев, Дмитрий Зиско.
 
 
 
Салмақ дәрежелері жылдағыдай С1 және С2 топтарына бөлінеді. С1 тобында: 49 кг, 56 кг, 64 кг, 75 кг және 91 кг салмақ дәрежелеріндегі боксшылар болады. С2 тобында: 52 кг, 60 кг, 69 кг, 81 кг және +91 кг салмақ дәрежелеріндегі боксшылар болмақ.
 
 
Маусым барысында командалар С1 және С2 топтарында кезек-кезек кездесулер өткізетін болады.
 

Арландардың алғашқы кездесуі сыртта, Ресейде ақпан айының басындаөтеді деп күтілуде. Келесі 3 кездесу ел ішінде өтеді. Клубтың негізгі менеджері Серік Сәпиевтың берген сұхбаты бойынша Бүкіләлемдік бокс кеңесінің алғашқы кездесулерін Талдықорған, Атырау және Тараз тұрғындары көреді.
 
 
Наверх