Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Біржан Жақыповтың спорттық мансабы

20 Қаңтар, 2017

Үлкен спортпен қош айтысқан боксшысмыз Біржан Жақыповтың жүріп өткен жолы туралы Қазақстан Бокс Федерациясы мақала жазыпты. Бірге куә болайық:

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Біржанның спорттық мансабындағы алғашқы ірі жеңісі 2005 жылы орын алды. Ол Мьянма елінде өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

 

 

Жақыпов екі мәрте Азия чемпионатының күміс жүлдегер атанды. Азия чемпионатында жеңіл салмақтағы спортшылар әлемнің алды екенін ескере кету керек.

 

 

Спортшымыздың спорттық мансабындағы ең үлкен жетістігі 2013 жылы елімізде өткен әлем чемпионаты болып табылады. Біржан өз елінде әлем чемпионы атанған болатын.

 

Суретте ол атақты жаттықтырушы Александр Стрельниковтан нұсқау алуда.

 

 

Ал бұл 2013 жылғы әлем чемпиондары: Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы.

 

 

 

Біржан ана тілімізде өте сауатты сөйлейді. Орыс тілін де жақсы меңгерген. Баспасөз қызметінің өкілдеріне әрқашан оң көзбен қарады.

 

 

 

Рио Олимпиадасына Жақыпов  АРВ жобасы арқылы іріктеуден өтті.

 

 

Олимпиада алдындағы боксшының анкетасы:

 

Рио Олимпиадасында Біржанға сәл жетпей қалды. Ол үш олимпиада қатарынан ел намысын қорғаған боксшы.

 

 

Әуесқой бокстағы Біржан Жақыповтың басты жаттықтырушыларының бірі Мырзағали Айтжанов.

 

 

Жанкүйерлер Біржанды қарапайымдылы мен тартымды мінезі арқылы қатты сыйлайтын.

 

 

 

dodasport.kz

 

Наверх