Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Сербияда қазақстандық боксшы қыздар бірінші орын алды

16 Қаңтар, 2017

Сербияда өткен бокстан дәстүрлі Ұлт кубогында Қазақстанның қыздар командасы жалпы есепте бірінші орын иеленді. 

Қазақ қыздары 6 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль еншіледі, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі.

 

Сербия халықаралық турнирінде әлем чемпионы Дина Жоламан (54 келі), Валентина Хальзова (69) Ләззат Күнгейбаева (+81), Римма Волосенко (60), Дариға Шәкімова (75) және Фариза Шолтай (81) жеңімпаз атанды.

 

Айта кетерлігі, бұл турнирде біздің спортшыларымыз қарсыластарынан айқын басым түсті. Тіпті, финалдық кездесуде екі Қазақстан спортшысының кездескен кездері де болды. Атап айтқанда, 54 келіде финалдық кездесуде Жоламан мен Тұяқбай, ал 81 келіге дейін салмақ санатында Шолтай мен Маматқұлова алтын медаль үшін айқасты.

 

«Бұл турнир жыл басындағы дәстүрлі бой жазу саналады. Қыздар жаман көрсеткіш көрсеткен жоқ. Олар турнирден турнирге өткен сайын жақсы тәжірибе жинап, өздерінің дайындықтарын шыңдай түседі деп ойлаймын. Сербия турнирі осы жылғы алғашқы жарыс және біздерге қалай жұмыс істеу қажеттігін көру қажет. Бұл негізгі жарыстар алдындағы тексеру десек те болады. 2017 жылы біз қыздар құрамасы үшін маңызды 17 халықаралық турнирге және Қазақстан чемпионаты мен Вьетнамда қазан айында өтетін Азия чемпионатына қатысамыз», — деді қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк.

 

egemen.kz

 

Наверх