Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Мырзағали Айтжанов: «Алдағы уақытта бірнеше халықаралық жарыстарға қатысамыз»

11 Қаңтар, 2017

Бокстан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына жаңа жарыстарға дайындығы туралы айтып берді.

- Қазір Алматыдағы АИБА бокс академиясында ұлттық құрама бапкерлері мен «Астана Арландарының» бапкерлері бірге оқу-жаттығу жиынын бастадық. Жалпы 52 боксшыны жаттықтырып жатырмыз. Ақпан айында алғашқы жарыс өтеді. Венгрия еліндегі «Иштван Боскай» мемориалы өткізілмек. Наурызда екі бірдей халықаралық турнирге қатысамыз. Турнирлер Германияда және Финляндияда өтеді. Басты мақсат - Азия чемпионатына тыңғылықты дайындалу. Ақпан айында боксшыларымыз АҚШ және Германия елдерімен біріккен оқу-жаттығу жұмыстарын жасайды. Ал наурыз айында боксшылар Германия еліне барып, Галле қаласында өтетін турнирге қатысады.

Наверх