Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Данияр Елеусінов Азия құрлығының үздігі атанды

30 Желтоксан, 2016

Азия бокс конфедерациясы маусым қорытындысын шығарып, жыл үздіктерін атады. Құрлықтың мықты боксшысына тиесілі атақ қазақ елінің өкілі Данияр Елеусіновке бұйырды.

Рио олимпиадасының чемпионы дүние жүзіндегі таңдаулылар тізімінен табылады. Алайда Азия боксының беделі биік екені де бесенеден белгілі. Мысалы, Рио олимпидасында Баркер кубогын өзбек Хасанбай Дусматов алғанын білесіздер. Айтпақшы, Хасанбайдың жерлесі Жасурбек Латипов Азияның ең үздік жас боксшысы атанды. Біздің Аслан Шымбергенов Бүкіләлемдік бокс сериясында көзге түскен спортшы ретінде марапатталды.

Наверх