Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Конфедерация ғылыми-кешенді топтың мамандарын марапаттады

20 Қыркүйек, 2016

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері КонфедерациясыРио-де-Жанейродағы ХХХI жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша бокс, грек-рим және еркін, дзюдо, таеквондодан Қазақстан ұлттық құрама командаларының ғылыми-кешенді топтың мамандарының еңбегін ескеріп, ақашалай сыйлықпен марапаттады.

Конфедерацияның бас директоры Данияр Абулгазин осы күні 30 маманға сыйақыны табыстады. Бұл туралы Конфедерацияның баспасөз қызметі хабарлайды.

 

«Қазақстандық спортшылардың жазғы Ошлимпиада ойындарындағы жетістігінде бапкерлердің еңбегімен қатар, ғылыми-кешенді топтың да үлғсі өте зор. Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясында кешенді-ғылыми топтың қызметіне аса мән беріледі. Мәселен өткен жыл Конфедерацияда «Спорттық медицина мен ғылым» жылы болып жарияланған болатын. Сондай-ақ допингпен күрес мәселесі де бұл ұйым қызметінің басты бағыттарының бірі. Осы мәселеде кешенді-ғылыми топтың тарапынан белсенді әрі сапалы жұмыс жүргізуі өте маңызды», - дейді Конфедерация өкілдері.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, Бразилиядағы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тұңғыш рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медаль еншіледі. 17 медальдің 15-ін Конфедерацияға кіретін спорт түрлерінің өкілдері жеңіп алды.

 

Басты халықаралық жарыстардағы қазақстандық спортшылардың жеңістеріне үлесін өосып жүрген ғылыми-кешенді топтың мамандарына сыйақы табыстау Конфедерация үшін дәстүрлі үрдіс. Айта кетейік, бұл жүйе Конфедерацияның төрағасы Тимур Құлыбаеватың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр.

 

Данияр Майлыбаевтың суреттері қолданылған

Наверх