Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Иван Дычко Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

19 Тамыз, 2016

Жартылай финалда қазақстандық спортшы ағылшынның 30 жастағы боксшысы Джо Джойспен жұдырықтасты.

 

 

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Бірінші раундта үш төреші де Дычко басым болды деп шешті. Екінші раунда екі боксшының да шаршап қалғаны байқалды. Сөйтіп, есеп теңесті. Қорытынды раундты төрешілер ағылшынның пайдасына шешті. Жекпе-жек қорытындысында Джо Джойс жеңіске жетіп, финалға шықты. Ал Дычко Қазақстан қоржынына 16-шы медалді салды.

 

Еске салайық, турнирдің жартылай финалында ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандықтың қарсыласы 22 жастағы нигериялық Эфе Аджагба болған еді. Дычко үш раундта да қарсыласынан айласын асыра білген болатын.

Наверх