Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Мырзағали Айтжанов: «Әділбек жеңілген жоқ, бұған көрермен куә»

19 Тамыз, 2016

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ақтық сында жеңіліп қалған Әділбек Ниязымбетовке қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

 

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ниязымбетов куба боксшы Хулио Ла Крусқа жол берді.

 

– Ақтық сында аталған салмақтағы әлемнің ең үздік боксшысы кездесті. Әділбек әлсіз боксшы емес. Бірақ оған әлемнің үш дүркін чемпионы қарсы тұрды. Ла Крус Әділбектен айласын асырды деп айта алмаймын. Ол қашып жүріп ұрысты. Дегенмен бұл бокс. Кубалықтың кейбір соққылары көздеген жеріне тиді. Алайда Әділбектің соққылары қарсыласына қарағанда нақтырақ болды. Соған қарамай әлемнің үш дүркін чемпионын нокдаунға жіберу оңай еместігін түсіну керек. Өз басым Әділбек жеңді деп ойлаймын. Залдағы көрермен де солай деп санайды. Көрерменге алғыс айтамын. Кездесуді тамашалағандардың арасында «Қазақстан жеңді»  деп айғайлағандар көп болды. Солай бола тұра жеңіс бұйырмады. Енді Иван Дычконы дайындайтын боламыз.
Өз басым Әділбекке сендім. Сол себепті де Риоға алып келдім. Ол үмітті ақтады. Күміс медальдің иегері атанды, – деді Мырзағали Айтжанов.

Наверх