Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Василий Левит алтын медаль үшін берілетін сыйақы алатын болды

17 Тамыз, 2016

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит алтын медаль үшін берілетін сыйақы алатын болды.

 

 

"Қазақстан бокс федерациясы Василий Левитті Олимпиада медалін алуымен құттықтайды. Оның Риодағы жекпе-жектері Василийдің әлемдік бокстың абыройлы мамандарының жоғары бағасын алды және ең бастысы қазақстандық және әлемдік жанкүйерлердің қолдауын тапты. Василий Левит Қазақстан бокс федерациясының, бапкерлер штабының және еліміздің үмітін ақтады", - делінген хабарламада. 

 

AIBA ережесі бойынша біз Халықаралық бокс ассоциациясының мүшесі ретінде осы ережелерді сақтауымыз керек. Қазақстан бокс федерациясы қазылардың шешімін құрметтейді.  

 

"Василий Левит финалдық жекпе-жегінде керемет нәтиже көрсетті, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті, ол күміс медаль алса да, мемлекет оған 150 мың доллар көлемінде сыйақы береді. Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың шешімімен оған тағы да 100 мың доллар беріледі, сондықтан Левиттің жүлдесі алтын медальмен тең болады", - делінген хабарламада.

 

tengrinews.kz

Наверх