Кеңес Рақышев Қазақстан әйелдер құрамасының боксшыларына Азия ойындарында сәттілік тіледі!
12 сентября, 2023
Бүгін бас бапкер Шамиль Сафиулин бастаған бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқылардың бірі болып Қытайға аттанды. Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындары қарсаңында біздің боксшылар жергілікті спортшылармен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әуежайға арнайы келіп, ұлттық құрама мүшелерін шығарып салды. Басты мақсат - қазақ боксының үздік екенін тағы бір мәрте көрсетіп, медальдар мен Париж-2024 Олимпиадасының лицензиялар иелену.
Сонымен қатар, ҚБФ Президентінің жеке қаражатынан сыйақылар беру дәстүрі жалғаса беретіні белгілі болды. Алтын медаль үшін чемпиондар 50 мың АҚШ долларын, күміс жүлдегерлер - 30 мың АҚШ долларын, қола медаль үшін - 10 мың АҚШ долларын алады.
Қытай шаршы алаңында ел намысын қорғайтын боксшылар:
50 кг. Назым Қызайбай
54 кг. Жайна Шекербекова
57 кг. Карина Ибрагимова
60 кг. Римма Волосенко
66 кг. Наталья Богданова
75 кг. Валентина Хальзова
XIX Жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Қазақстан құрамасынан 500-ден астам спортшы спорттың 33 түрінен сынға түседі. Тарихта алғаш рет Азия ойындарда Олимпиада лицензиялары сарапқа салынады.
Кенес Ракишев пожелал удачного выступления боксёрам женской сборной на Азиатских играх!
Сегодня национальная женская сборная Казахстана по боксу под руководством главного тренера Шамиля Сафиулина одними из первых вылетала в Китай. В преддверии летних Азиатских игр в Ханчжоу, наши боксёры проведут заключительный сбор с местными спортсменками.
Президент Казахстанской федерации бокса Кенес Ракишев специально приехал в аэропорт и дал напутствия своим подопечным. Главная цель - это демонстрация казахского бокса в лучших его исполнениях и завоевание медалей и лицензий на Олимпийские игры в Париж-2024.
Также, стало известно, что традиция финансового поощрения из личных средств президента КФБ будет иметь свое достойное продолжение. За золотую медаль чемпионки получат по 50 тысяч долларов США, за серебряную награду - 30 тысяч, за бронзовую - 10 тысяч долларов США.
Честь страны на китайском ринге будут защищать:
50 кг. Назым Кызайбай
54 кг. Жайна Шекербекова
57 кг. Карина Ибрагимова
60 кг. Римма Волосенко
66 кг. Наталья Богданова
75 кг. Валентина Хальзова
XIX летние Азиатские игры состоятся в период с 23 сентября по 8 октября в Ханчжоу. Сборную Казахстана по 33 видам спорта представят более 500 атлетов. Впервые в истории на этих играх будут разыграны олимпийские лицензии.