МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

U19 Әлем чемпионатының алтыншы жарыс күні қалай өтті?

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының алтыншы жарыс күні басталды.

Күндізгі сессияда Камила Оспанова 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде хорватиялық Лорена Хорватты жеңді. Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

90 келіге дейінгі салмақта Еркетаң Жарқынбек мексикалық Рамиро Нуньесті төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен, 5:0 есебімен ұтты. Ал 65 келідегі  Айсұлу Мұхит өзінің екінші жекпе-жегін өтікізіп, 1/8 финалда Зое Вогелспен (Нидерланд) кездесті. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте төрешілер 1:4 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.

Кешкі сессияда Индира Қыдырмолдаева 60 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Азизахон Пазилованы 5:0 есебімен жеңіп, турнирдегі жарысын жалғастырды.

Ал 85 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Руслан Ахметов ресейлік Кирилл Коршаковтан 1:4 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

World Boxing U19 әлем чемпионаты Будва қаласында 16–27 қазан аралығында өтуде. Турнирге 69 ұлттық федерациядан 474 спортшы қатысып жатыр.

22 октября, 2026
1

U19 Әлем чемпионатының бесінші жарыс күні қалай өтті?

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде 4 отандасымыз өнер көрсетті.

Күндізгі сессияда ең жеңіл 50 келідегі  Әділ Асқанбай 1/8 финалда осы салмақтың фавориті саналатын Михайло Сидоренкомен (Украина) шаршы алаңда жолықты.

Алғашқы раундта-ақ жерлесіміз қарсыласын 2 мәрте нокдаунға жіберіп, басымдыққа ие болды. Қалған уақытта Әділ Асқанбай дәл соққыларымен жеңісті есепті сақтап қалды. Қорытынды есеп: 4:1.

Күндізгі сессияда 65 келідегі Ақжүрек Қалабай 1/16 финалда Александр Живолоуппен (Эстония) жұдырықтасты.

Алғашқы минуттан отандасымыздың айқын басымдығы байқалып, ол қарсыласын 4 мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші 2-раундта жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.

80 келідегі Тимур Тайбеков 1/16 финалда Гонсало Родригеспен (Португалия) шеберлік байқасты.

Отандасымыз әр раунд сайын қарқынын арттырып, толықтай жекпе-жекті бақылауға алды. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті жерлесімізге берді.

Кешкі сессияны +80 келідегі Зарина Толыбай тәмамдап, ширек финалда Френцис Таафакимен (Тувалу) жұдырықтасты.

Алғашқы раундтан-ақ қос боксшы да ашық шабуылға ден қойды. Нәтижесінде Зарина қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберіп, 2-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

21 октября, 2026
2

U19 Әлем чемпионатының төртінші жарыс күні қалай өтті?

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының төртінші жарыс күні басталды.

Қыздар арасында 54 келідегі Жанель Имантаева 1/8 финалда Росие Свейлеспен (Шотландия) шаршы алаңда кездесті.

3-раунд бойы шиеленісті өткен айқаста төрешілер 2:3 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.

70 келіде басты фавориттердің қатарына кіретін Бибарыс Әшірбай 1/16 финалда Сантьяго Хименез Лоссомен (Аргентина) өзара мықтыны анықтады.

Алғашқы раундтан шеберлігі әлдеқайда жоғары отандасымыз қарсыластың адымын аштырмай, шабуыл мен қорғаныста да өте сауатты жұдырықтасты. Қорытынды есеп: 5:0.

Кешкі сессияда 60 келідегі Данияр Ақбисенов 1/16 финалда Сандро Капанадземен (Грузия) рингте жолы түйісті.

3 раунд бойы қос боксшы да жеңіс үшін аянып қалмай, өте шиеленісті айқас өткізді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды.

Кешкі сессияда 75 келідегі Әмір Рамазан 1/16 финалда биылғы Азия чемпионы Сухроб Рахматуллаевқа (Өзбекстан) қарсылас атанды.

3 раунд бойы отандасымыз жеңіс үшін барын салып, басымдықты қолға алуға тырысқанымен, төрешілер 0:5 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.

20 октября, 2026
2

U19 Әлем чемпионатының үшінші жарыс күні қалай өтті?

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күні басталды.

Ерлер арасында 55 келіде өз мүмкіндігін алған Айдос Үсенов 1/16 финалда Разван-Йонит Панейнтпен (Румыния) өзара мықтыны анықтады.

Алғашқы раундтан-ақ қос боксшы қарқындарын арттырды. Отандасымыз шеберлік және дәл соққылар жағынан дәлдік таныта біліп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

85 келіде фавориттердің қатарына кіретін Руслан Ахметов 1/16 финалда Николай Ивановпен (Болгария) жұдырықтасты.

Отандасымыз 1-раундта-ақ қарсыласын бүйірден дамылсыз соққыға алып, толықтай басымдықты алды. Нәтижесінде 3-раундта да жерлесіміз төрешілердің шешімін өз жағына бұрып, 5:0 есебімен басым түсті.

19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады. Жарыста 69 елден келген 474 спортшы ерлер мен әйелдер арасындағы 20 салмақта чемпиондық атақ үшін таласады.

19 октября, 2026
5

U19 Әлем чемпионатының екінші жарыс күні қалай өтті?

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде 2 отандасымыз жарыс жолына шықты.

Қыздар арасындағы бәсекеде 65 келідегі Айсұлу Мұхит 1/16 финалда Канада өкілі Мариан Тессиермен жолықты.

Отандасымыз 3-раундта да қарсыласынан бір бас жоғары болып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 5:0.

Ерлер арасында 65 келідегі Ақжүрек Қалабай 1/32 финалда Қытай боксшысы Кун Вангпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек ұзаққа созылмады. Алғашқы раундта-ақ қос боксшы ашық шабуылдармен алмасып, Қытай өкілі қабағындағы жарақатына байланысты айқасты жалғастыра алмады. Осылайша төрешілер жеңісті жерлесімізге берді.

18 октября, 2026
6

Владислав Саможонов әлем чемпионатында алғашқы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Бүгін Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде аса ауыр салмақта фавориттердің бірі саналатын Владислав Саможонов 1/8 финалда Хакан Дениз Коскунмен (Түркия) жолы түйісті.

Алғашқы минуттан басымдықты қолға алған отандасымыз раунд сайын қарқынын арттырып, жекпе-жекті өз бақылауына алды. Нәтижесінде төреші 3-раундта айқасты тоқтатып, жеңісті Владислав Саможоновқа берді. Техникалық нокаут!

16–27 қазан аралығында Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты өтуде.

Жарысқа 69 ұлттық федерацияның атынан 474 спортшы қатысуда. Олардың 306-сы - ерлер, 168-і - қыздар.

17 октября, 2026
7

U19 әлем чемпионатында ерлеріміз кімдермен жұдырықтасады?

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан U19 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының ерлер арасындағы жеребесі белгілі болды.

16–27 қазан аралығында өтетін жаһандық додада 10 салмақ дәрежесі бойынша 306 боксшы бақ сынайды. Бақыт Сәрсекбаев бастаған Қазақстан құрамасы барлық салмақта әлем чемпионатының жүлделеріне таласады.

Ерлер құрамасының жеребесі:

50 келі (29 боксшы)

Әділ Асқанбай 1/8 финалда Украина өкілі Михайло Сидоренко мен Түркіменстан боксшысы Безирген Аннаев арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

55 келі (37 боксшы)

Айдос Үсенов 1/16 финалда Румыния өкілі Разван-Йонит Панейнтпен қолғап түйістіреді.

60 келі (38 боксшы)

Данияр Ақбисенов 1/16 финалда Шотландия өкілі Рубин Кларксон мен Грузия боксшысы Сандро Капанадзе арасындағы айқастың жеңімпазымен жұдырықтасады.

65 келі (45 боксшы)

Ақжүрек Қалабай 1/32 финалда Қытай боксшысы Кун Вангқа қарсы шаршы алаңға шығады.

70 келі (35 боксшы)

Бибарыс Әшірбай 1/16 финалда Аргентина өкілі Сантьяго Хименез Лоссомен кездеседі.

75 келі (28 боксшы)

Әмір Рамазан 1/16 финалда Өзбекстан боксшысы Сухроб Рахматуллаевпен күш сынасады.

80 келі (33 боксшы)

Тимур Тайбеков 1/16 финалда Португалия өкілі Гонсало Родригеске қарсы жұдырықтасады.

85 келі (22 боксшы)

Руслан Ахметов 1/16 финалда Болгария боксшысы Николай Ивановпен кездеседі.

90 келі (23 боксшы)

Еркетаң Жарқынбек 1/8 финалда Грекия өкілі Азанасиос пен Мексика боксшысы Рамиро Нунез арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен айқасады.

+90 келі (16 боксшы)

Владислав Саможонов 1/8 финалда Түркия өкілі Хакан Дениз Коскунмен жұдырықтасады.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы U19 санатындағы әлем чемпионатын алғаш рет 2024 жылы АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткізді. Сол жарыста Қазақстан құрамасы екі күміс медаль жеңіп алған болатын.

16 октября, 2026
13

U19 санатындағы әлем чемпионатында аруларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды

World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан U19 санатындағы әлем чемпионатында жеребе тарту рәсімі өтті.

16–27 қазан аралығында өтетін жаһандық додада қыздар арасындағы 10 салмақ дәрежесінде 168 боксшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы барлық салмақта жүлдеге таласады.

Қыздар құрамасының жеребесі:

48 келі (21 боксшы)
Жадыра Қалтай 1/8 финалда АҚШ өкілі Сиана Нонзфала мен Армения боксшысы Хамест Африкиан арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

51 келі (23 боксшы)
Мадира Жұмақан 1/8 финалда Италия өкілі Корин Мари Фави мен Словакия боксшысы Доминика Внукова арасындағы айқастың жеңімпазымен жұдырықтасады.

54 келі (20 боксшы)
Жанель Имантаева 1/8 финалда Шотландия өкілі Росие Свейлес пен Грекия боксшысы София Нтилоу арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын күтеді.

57 келі (20 боксшы)
Алина Құдайгенова 1/8 финалда Бразилия өкілі Мейра Алвеспен кездеседі.

60 келі (21 боксшы)
Индира Қыдырмолдаева 1/8 финалда Қырғызстан боксшысы Азизахон Пазиловамен қолғап түйістіреді.

65 келі (22 боксшы)
Айсұлу Мұхит 1/16 финалда Канада өкілі Мариан Тессиермен күш сынасады.

70 келі (16 боксшы)
Камила Оспанова 1/8 финалда Хорватия боксшысы Лорена Хорватқа қарсы шаршы алаңға шығады.

75 келі (13 боксшы)
Алтынгүл Аймахан ширек финалда Қытай өкілі Шенгжие Гонг пен Үндістан боксшысы Аншика арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

80 келі (6 боксшы)
Айдана Убайдуллақызы ширек финалда Украина өкілі София Новиковамен жұдырықтасады.

+80 келі (6 боксшы)
Зарина Толыбай ширек финалда Тувалу боксшысы Френцис Таафакиге қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы U19 санатындағы әлем чемпионатын алғаш рет 2024 жылы АҚШ-тың Пуэбло қаласында ұйымдастырған болатын. Сол жарыста Қазақстан құрамасы екі күміс медаль иеленді.

16 октября, 2026
7

Вице-президент Дархан Қызайбаев жаттықтырушылармен және ҚБФ ұжымымен жиын өткізді

Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев жаттықтырушылармен және федерация ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді.

Жиын барысында Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарындағы қазақстандық боксшылардың нәтижелері қорытындыланып, жарыс қорытындысы бойынша бірқатар өзекті мәселе талқыланды.

Сонымен қатар, алдағы Қазақстан чемпионатына дайындық барысы және жыл соңына дейін жоспарланған халықаралық жарыстарға қатысты мәселелер қарастырылды. Басқосуда алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жарыстарға дайындық мәселелеріне назар аударылды.

 
15 октября, 2026
6

19 жасқа дейінгі ерлер құрамасы әлем чемпионатына аттанды

Кеше түнде Бақыт Сәрсекбаев тізгіндейтін U19 ерлер құрамасы Алматыдан Будваға ұшып кетті.

19 жасқа дейінгі жастар арасындағы бокстан World Boxing ұйымының қолдауымен өтетін әлем чемпионаты 16–27 қазан аралығында Черногорияның Будва қаласында ұйымдастырылады.

Жерорта теңізі спорт орталығында өтетін дүбірлі додаға 75-тен астам ұлттық федерациядан 550-ден аса боксшы қатысады. Спортшылар ұлдар мен қыздар арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, өзара 20 алтын, 20 күміс және 40 қола медаль жиынтығын сарапқа салады.

Қазақстан құрамасы ерлер және қыздар арасындағы барлық салмақта жүлдеге таласады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2024 жылы АҚШ-та өткен U19 әлем чемпионатында 2 күміс жүлде жеңіп алды.

14 октября, 2026
9

Нұржан Насанов: Жазғы Азия ойындарындағы әр жекпе-жекті талдаймыз


Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов: Жазғы Азия ойындарындағы әр жекпе-жекті талдаймыз

Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарын қорытындылап, Қазақстан чемпионаты бойынша ойымен бөлісті.

21 қыркүйек - 2 қазан күндері аралығында Жапонияда өткен Азиадада 2 алтын және 1 қола жүлде жеңіп алдыңыздар. Алға қойған міндеттеріңіз орындалды деп айтуға бола ма?

    ⁃    Жапонияда өткен Азия ойындары аяқталды. Осы арқылы ұлттық құраманың бүкіл дайындық кезеңінде атқарылған ауқымды әрі қарқынды жұмыстың қорытындысын көре алдық.
Бізге Қазақстан боксы 12 жыл бойы жеңіп ала алмаған Азия ойындарының алтын медальдарын қайтару міндеті қойылды. Бұл міндет орындалды.

Азия ойындарында Қазақстан намысын алты боксшы қорғады. Дайындық барысында команда Америкада да оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, Азия чемпионаты және Әлем кубогы сынды халықаралық додаларға қатысты. Бұл боксшыларға қажетті жарыс тәжірибесін жинақтауға және мықты қарсыластармен жекпе-жекте тактикалық тәсілдерін сынап көруге мүмкіндік берді.

Өткен Азия ойындарында ел намысын 6 боксшы қорғады. Олардың шаршы алаңдағы өнеріне қандай баға бере аласыз?

    ⁃    Спортшының жаттығуда меңгерген әдіс-тәсілдерін қаншалықты тиімді жүзеге асыра алатынын ринг қана көрсетеді. Әр жекпе-жекте физикалық және техникалық дайындықты танытып қана қоймай, бапкерлер штабы әзірлеген тактикалық жоспарды жүзеге асыру маңызды болды. Әрине, барлық жекпе-жек біз ойлағандай өтпеді. Кейбір салмақтарда алғашқы айналымдарда сүріндік. Біз бұл нәтижеге объективті қараймыз және дайындық пен жекелеген жекпе-жектерді өткізу барысында қосымша талдауды қажет ететін тұстар бар екенін түсінеміз.

Жарыс қорытындысы бойынша, бапкерлер штабы әр жекпе-жекті егжей-тегжейлі талдайды. Біз үшін жіберілген қателіктердің себептерін анықтау, спортшылар мен бапкерлердің әрекеттеріне баға беру, тиісті қорытынды шығару және жинақталған тәжірибені алдағы дайындықта пайдалану маңызды. Біз мықты тұстарымызды дамытып, тактикалық дайындықты жетілдіріп, өнер көрсетудегі тұрақтылықты арттыруымыз керек. Сонымен қатар әлі де өсуге мүмкіндік бар бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Азиада ойындарынан кейін қандай қорытынды шығардыңыз?

    ⁃    Азия ойындарының басты нәтижесі - 12 жылдық үзілістен кейін, Қазақстан қоржынына бокстан алтын жүлденің қайта оралуы. Командамыз Жапониядан 2 алтын және 1 қола жүлде жеңіп алды. Бұл атқарылған жұмыстың тиімділігін және дайындықтың дұрыс бағытта жүргізілгенін көрсетеді. Қол жеткізген жетістік жұмыс аяқталды дегенді білдірмейді. Керісінше, команда алдына жаңа міндеттер қояды. Азия ойындары – маңызды кезең. Бірақ түпкілікті меже емес. Алда жаңа халықаралық жарыстар, жаңа қарсыластар мен жаңа міндеттер тұр.

Алда Қазақстан чемпионаты. Ол жарыстан не күтесіз?

    ⁃    Енді 30 қазан - 6 қараша аралығында Тараз қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына Азиада жүлдегерлері, Қытайдағы Әлем кубогының жеңімпазы Санжар Тәшкенбай және жарақатына байланысты Нұрбек Оралбай қатыспайды. Қалған боксшылардың барлығы ел біріншілігіне қатысуға міндетті.
 

13 октября, 2026
9