+90 келі. Аслан Елдібайұлы Түркия өкілі Берат Акарға жол берді.
Финалдық жекпе жектер 17 мамырға жоспарланған.
16 мая, 2026
14
Бокстан отандастарымыз Азия чемпионатын қалай өткізді?
15 мамыр күні Ташкентте World Boxing ұйымының қолдауымен өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасы чемпионаттың финалдық күнінде сегіз алтын медаль жеңіп алды. Алайда жалпыкомандалық медаль кестесінде Өзбекстанға жол беріп, екінші орынға тұрақтады.
Жарыс қорытындысы бойынша алаң иелері — Өзбекстан құрамасы 9 алтын, 7 күміс және 6 қола медальмен бірінші орын алды. Қазақстан құрамасы 8 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлдемен екінші сатыға жайғасты. Үздік үштікті 2 алтын, 7 күміс және 8 қола медаль иеленген Үндістан түйіндеді.
Турнирдің соңғы күнінде Қазақстанның ұлдар және қыздар құрамалары 11 финалда өнер көрсетіп, 8 алтын медаль жеңіп алды.
Ұлдар арасында Нұрасыл Ғалым (50 келі), Әмір Мұхит (60 келі), Әлібек Алпамыс (80 келі) және Сабыржан Сағым (+80 келі) Азия чемпионы атанды. Нұрасыл финалда моңғолиялық Сулд Усухбаатарды 5:0 есебімен жеңсе, Әмір өзбекстандық Ахмадхон Абдусатторовтан 4:0 есебімен басым түсті. Әлібек Өзбекстан өкілі Самандарбек Умаровты 4:1 есебімен ұтты, ал Сабыржан ирандық Мохаммедясин Заирге қарсы жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.
Ұлдар арасында Мейіржан Жүніс (63 келі) пен Ислам Сүлейманоғлы (66 келі) финалда өзбек боксшыларына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Қыздар арасында Қазақстанға алтын медальдарды Хатшепсут Садвакасова (50 келі), Аяулым Оспанова (66 келі), Диана Надырбек (75 келі) және Жансая Ержан (80 келі) сыйлады. Сонымен қатар, Балым Ғабитқызы (60 келі) күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы сапында Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанғандар: Нұрислам Оналбек (57 келі), Бекхан Уразбай (52 келі), Айлин Ходжамбердиева (70 келі), Милана Иншина (46 келі) және Розалия Вайдеман (57 келі).
15 мая, 2026
9
U15 санатындағы боксшыларымыз Азия чемпионатында ТОП-3-ке енді
Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан U-15 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.
Құрлық біріншілігінің қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшылар 24 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 8 күміс және 9 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде Өзбекстан құрамасы көш бастады. Жарыс иелері 13 алтын, 8 күміс және 6 қола медаль иеленді. Екінші орынға Үндістан құрамасы жайғасты.
Қазақстанның ұлдар құрамасы турнирді 10 медальмен аяқтады. Команда қоржынына 5 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде түсті.
Азия чемпионы атанғандар қатарында Бейбарыс Қойшыбай (43 келі), Нұрислам Бактубаев (55 келі), Рауан Тоғызбай (61 келі), Аманжан Жанай (67 келі) және Аян Бауыржан (70 келі) бар. Финалдық жекпе-жектерде қазақстандық спортшылар Үндістан мен Өзбекстан өкілдерін жеңіп шықты.
Күміс жүлдені Саят Рахымберді (33 келі), Жақсылық Ермекұлы (35 келі) және Айбын Мәжит (+70 келі) иеленді.
Қыздар құрамасы да жоғары нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Самал Төлепберген (52 келі) мен Нұргүл Сахи (67 келі) өз салмақ дәрежелерінде Азия чемпионы атанды.
Сондай-ақ Нұржанат Бекназар, Сабрина Адилханова, Аруна Шалман, Айару Файзуллаева және Көркем Ғалым күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионаты U-15 және U-17 жас санаттары бойынша өтіп жатыр. Турнир 15 мамырда аяқталады.
14 мая, 2026
20
26 боксшымыз Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады
Бокстан Өзбекстан астанасы Ташкентте U15 және U17 санаты бойынша финалға шыққан елдердің тізімі белгілі болды.
ТОП-3 мемлекет: Өзбекстан - 37 боксшы Қазақстан - 26 Үндістан - 24
U15 санаты бойынша:
Өзбекстан - 21 Қазақстан - 15 Үндістан - 15 Қырғызстан - 3 Тайпей - 2 Түркіменстан - 2 Оңтүстік Корея - 1 Иран - 1
U17 санаты бойынша:
Өзбекстан - 16 Қазақстан - 11 Үндістан - 9 Қытай - 4 Жапония - 2 Тәжікстан - 2 Иран - 2 Вьетнам - 1 Түркіменстан - 1 Моңғолия - 1
Бахрейн - 1 Иордания - 1 Оңтүстік Корея - 1
Ертең спортшылар үшін демалыс. 14 мамыр күні U15 санаты және 15 мамыр күні U15 санатында жеңімпаздардың есімі белгілі болады.
13 мая, 2026
12
U17 санатында 6 ұлымыз ақтық сынға жолдама алды
Бокстан Ташкенттегі (Өзбекстан) Азия чемпионатында U17 санатындағы ұлдардың жартылай финалдық жекпе-жектері мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
U17
50 келі. 1/2 финал
Нұрасыл Ғалым - Сеонгмин Квон (Оңтүстік Корея) - 5:0