МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

«Странджа» турнирінде жерлестеріміз 4 алтын медаль жеңіп алды

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирі мәресіне жетті.

23 ақпан - 1 наурыз аралығында жалғасқан бәсекеде отандастарымыз 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Жастар арасында әлем чемпионы Элина Базарова (54 келі) финалда англиялық Лорен Маккиді 5:0 есебімен тізе бүктіріп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды.

Отандасымыз турнир барысында бұдан бұрын 1/8 финал. аустралиялық Моник Сурачиді 4:1, ¼ финалда түркиялық Айшен Ташкын 5:0, ½ финалда тағы бір отандасымыз Анель Сақышты 3:2 есебімен қапы қалдырды. 

Қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Надежда Рябец (80 келі) ақтық сында Түркия өкілі Ярен Дузтаспен күш сынасты. Үш раундта да отандасымыз айқын басымдығын танытып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Ел құрамасы қоржынына тағы бір алтын медаль 80 келіден жоғары салмақта түсті. Бұл салмақта өзін жақсы көрсете білген Валерия Аксенова финалда Өзбекстанның спортшысы Олтиной Сотимбоеваны 5:0 есебімен жеңіп кетті.

Тағы бір отандасымыз Лаура Есенкелді (65 келі) финалда әлем чемпионатының 3 мәрте жүлдегері Навбахор Хамидоваға 0:5 есебімен есе жіберді.

Ерлер арасында 50 келідегі Даниал Сәбит бас жүлдені әзербайжандық Билалхабаши Назаровпен сарапқа салды.

Өте тартысты өткен жекпе-жектің тағдыры шешуші раундта шешіліп, отандасымыз 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері ¼ финалда түркиялық Улас Ялчинкаяны 5:0 есебімен жеңсе, ½ финалда жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан өзбекстандық Асилбек Жалиловты орта жолда қалдырды.

Сондай-ақ, 70 келідегі Фарух Тоқтасынов АҚШ өкілі Лавант Броунлимен қолғап түйістірді. Өте тартысты өткен кездесудің шешуші раундында дәлдік танытқан Лавант Броули 4:1 есебімен басым түсті.

Қазақстандық боксшы бұл турнирде 1/16 финалда аустриялық Арсен Чабиан, 1/8 финалда түркіменстандық Байрамдурды Нұрмұхаммедовті 5:0 есебімен жеңсе, ¼ финалда германиялық Рэнди Ботикалиді 4:1 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда өзбекстандық Шавкатжон Болтаев алған жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартып, отандасымыз бірден финалға шыққан еді.

Одан бөлек, әйелдер арасында Анель Сақыш (54 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Дина Исламбекова (+80 келі) қола жүлде еншіледі. 

02 марта, 2026
0

«Странджа» турнирінің жартылай финалында кімдер жұдырықтасады?

Күндізгі сессия

4-жұп. 54 келі. А рингі. Анель Сақыш — Элина Базарова
6-жұп. 65 келі. В рингі. Лаура Есенкелді — Грейн Уолш (Ирландия)
7-жұп. 75 келі. В рингі. Валентина Хальзова -Эмма-Сью Гринтри (Аустрия)
9-жұп. 80 келіден жоғары. В рингі. Валерия Аксенова -Алейна Мехмед
10-жұп. 80 келіден жоғары. В рингі. Дина Исламбекова- Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

Кешкі сессия

1-жұп. 50 келі. А рингі. Даниал Сәбит- Асилбек Жалилов (Өзбекстан)
5-жұп. 70 келі. А рингі. Фарух Тоқтасынов — Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)
Халықаралық турнирде Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00–де басталса, кешкі сессия 21:00–ге белгіленген.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Болгария астанасына 39 боксшыны аттандырды.

28 февраля, 2026
9

«Странджа» турнирінің финалында 6 отандасымыз айқасады

Бокстан Болгариядағы бәсекенің жартылай финалы аяқталды.

Ел құрамасынан Даниал Сәбит (50 келі) жекпе-жексіз финалға шықты. 2025 жылғы Қазақстан чемпионы жартылай финалда өзбекстандық Асилбек Жалиловпен кездесуі тиіс болатын. Қарсыласы алған жарақатына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Сондай-ақ қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Фарух Тоқтасынов (70 келі) Өзбекстан спортшысы Шавкатжон Болтаев жартылай финал жекпе-жегін өткізбейтін болды. Оған басты себеп — қарсыласының жарақат алуы.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Элина Базарова (54 келі), Лаура Есенкелді (65 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) финалға шыққан еді.

Ал отандасымыз Надежда Рябец (80 келі) ешқандай жекпе-жексіз бірден финалға жолдамаға қол жеткізді.

27 февраля, 2026
3

«Странджа» турнирінде 9 боксшымыз жартылай финалға өтті

27 ақпанда Болгарияның София қаласында қазақстандық боксшылар қатысқан «Странджа кубогы» халықаралық турнирінің ширек финалындағы он жекпе-жек өтті.

Төменде жарыстың бесінші күнінде Қазақстан ерлер құрамасы өкілдерінің көрсеткен нәтижелері берілген:

50 кг. Даниял Сабит — Улаш Ялчинкая (Түркия).
Сабиттің жеңісі. Ялчинкая жарақатына байланысты үшінші раундқа шықпады. Жекпе-жек тоқтатылған сәттегі есеп — 5:0.

55 кг. Бағлан Кенжебек — Билгуунсайхан Хархуу (Моңғолия) — 0:5;

65 кг. Ертуған Зейнуллинов — Малик Гасанов (Әзербайжан) — 0:5;

70 кг. Фарух Тоқтасынов — Рэнди Ботикали (Германия) — 4:1;

70 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Лавант Браунли (АҚШ) — 0:5;

85 кг. Сұлтанбек Айбарұлы — Акмалжон Исроилов (Өзбекстан) — 0:5;

85 кг. Бекзат Таңатар — Матвей Ражба (Украина) — 0:5;

90 кг. Дәулет Төлемісов — Джозеф Авинонгья (АҚШ) — 0:5;

90 кг. Нурмагамед Юсупов — Самир Собиров (Өзбекстан) — 0:5;

+90 кг. Нұрлан Сапарбай — Озодбек Алиев (Өзбекстан) — 0:5.

Еске салайық, «Странджа кубогы»  Еуропадағы ең көне бокс турнирі болып саналады. Жартылай финалдық жекпе-жектер 28 ақпанда өтсе, финалдар 1 наурызға жоспарланған.

27 февраля, 2026
5

«Странджа» турнирінің төртінші күні 19 боксшымыз өнер көрсетеді

Бұл күні еліміздің әйелдер құрамасынан 15 былғары қолғап шебері ширек финалда ойын көрсетсе, ерлерде 65 және 70 келідегі спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

Күндізгі сессия

1-жұп. 48 келі. А рингі. Айгерім Сәттібаева — Ханна Охота (Украина)
2-жұп. 48 келі. А рингі. Анель Құдайберген — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
4-жұп. 54 келі. В рингі. Анель Сақыш — Ана Ливия Висенте Линхарес (Бразилия)
5-жұп. 54 келі. А рингі. Жайна Шекербекова- Йоселин Перез (АҚШ)
5-жұп. 54 келі. В рингі.Элина Базарова — Айшен Ташкын (Түркия)
9-жұп. 70 келі. В рингі. Фарух Тоқтасынов- Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түрікменстан)
12-жұп. 65 келі. А рингі. Илья Калинин — Юри Фалькао Рейс (Бразилия)
13-жұп. 70 келі. В рингі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы -Джон Макконелл (Германия)
14-жұп. 65 келі. А рингі. Ертуған Зейнуллинов — Маркус Лузер (АҚШ)

Кешкі сессия

1-жұп. 57 келі. А рингі. Ұлжан Сәрсенбек — Алиса Мендоза (АҚШ)
3-жұп. 60 келі. А рингі. Римма Волосенко — Йомна Айад (Египет)
4-жұп. 60 келі. В рингі. Виктория Графеева — Ребека де Лима Сантос (Бразилия)
6-жұп. 65 келі. В рингі. Лаура Есенкелді — Андра Кринута Себе (Румыния)
8-жұп. 70 келі. А рингі. Бақыт Сейдіш — Вивиана Дос Сантос Перейра (Бразилия)
8-жұп. 70 келі. В рингі. Мәдина Нұршаева- Шантель Рид (Ұлыбритания)
9-жұп. 75 келі. А рингі.Валентина Хальзова — Амалия Нита (Румыния)
9-жұп. 75 келі. В рингі.Мария Сидоренко- Наоми Грэм (АҚШ)
11-жұп. +80 келі. А рингі. Валерия Аксенова- Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан)
12-жұп. +80 келі. А рингі. Дина Исламбекова — Хавванур Кезуда (Жапония).

Халықаралық турнирдің күндізгі сессиясы Қазақстан уақытымен 17:00–де басталса, кешкі сессия 21:00–ге белгіленген. 

26 февраля, 2026
15

«Странджа» турнирінің үшінші күні қалай өтті?

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің үшінші жарыс күні мәресіне жетті.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері арасынан күндізгі сессияда әйелдер арасында 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек тағы бір отандасымыз Айдана Забынбекованы, Азия чемпионы Римма Волосенко (60 келі) АҚШ өкілі Алиша Крокетті 5:0, 60 келіде Виктория Графеева түркиялық Гизем Озерді 4:1 есебімен жеңді.

Ал Жазира Орақбаева 1/8 финалда 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Феруза Казаковаға 0:5 есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Кешкі сессияда отандасымыз Лаура Есенкелді АҚШ өкілі Мэри-Энджелис Росендоны 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Оған дейін белгіленген екі жекпе-жектің өтпейтіні анықталды. Қазақстандық Аружан Жаңабаева (65 келі) жарақатына байланысты Навбахор Хамидовамен (Өзбекстан) кездесуден бас тартты.

Сондай-ақ Даниал Сапарбай (90 келіден жоғары) жекпе-жектен бас тартуына байланысты Нұрлан Сапарбай автоматты түрде ширек финалға шықты.

Айта кетсек, Қазақстан Болгария астанасына 39 боксшыны аттандырды. Биыл Странджа кубогы 77-мәрте өткізіп жатыр.

25 февраля, 2026
8

«Странджа» халықаралық турнирінің үшінші күні 9 отандасымыз жұдырықтасады

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің үшінші жарыс күні, 25 ақпанда ел құрамасынан кімдердің шаршы алаңға шығатыны белгілі болды.

Бұл жарыс күнінде 9 отандасымыз шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Виктория Графеева бар. Сондай-ақ, 2 жұпта қазақстандық боксшылар өзара жұдықтасады.

Күндізгі сессия

2 жұп. 51 келі. В рингі

Жазира Орақбаева - Феруза Казакова (Өзбекстан)

6жұп. 57 келі. А рингі

Ұлжан Сәрсенбек - Айдана Забынбекова

9-жұп. 60 келі. А рингі

Римма Волосенко - Алиша Крокетт (АҚШ)

11-жұп. 60 келі. В рингі

Виктория Графеева - Гизем Озер (Түркия)

Кешкі сессия

3-жұп. 65 келі. А рингі

Аружан Жаңабаева - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

3-жұп. 65 келі. В рингі

Лаура Есенкелді - Мэри-Энджелис Росендо (АҚШ)

11-жұп. 90 келіден жоғары. А рингі

Нұрлан Сапарбай - Даниал Сапарбай.

Халықаралық турнирде Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00-де басталса, кешкі сессия 21:00-ге белгіленген.

25 февраля, 2026
7

Қазақстандық 12 боксшы Странджа кубогының келесі кезеңіне шықты

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан Странджа кубогының екінші жарыс күнінде қазақстандық 12 боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Күндізгі сессияда 51 келіде Жазира Орақбаева, 70 келіде Мәдина Нұршаева, 54 келіде Әнел Сақыш, Элина Базарова, Жайна Шекербекова, 55 келіде Бағлан Кенжебек жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Кешкі сессияда 65 келіде Илья Калинин, Ертуған Зейнуллинов, 90 келіде Дәулет Төлемісов, Б рингінде 85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, 90 келіде Нұрмагамед Юсупов қарсыластарын қапы қалдырып кетті.

Ал 51 келіде Анита Адишева, 55 келіде Тимур Қабдешов, 65 келіде Әбдікәрім Әбдіғалым жарыс жолын аяқтады.

24 февраля, 2026
8

«Странджа» турнирінің екінші күнінде кімдер шығады?

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің екінші жарыс күні Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға 15 боксшы шығады. 

24 ақпан күнгі жарыс кестесі:

Күндізгі сессия (17:00, Астана уақыты)

А рингі

51 кг (әйелдер)

Жазира Орақбаева — Фатиха Мансури (Алжир)

51 кг (әйелдер)

Анита Адишева — Кейтлин Фрайерс (Ирландия)

70 кг (әйелдер)

Мадина Нұршаева — Дилара Сак (Түркия)

В рингі

54 кг (әйелдер)

Жайна Шекербекова — Тала Хаббас (Болгария)

54 кг (әйелдер)

Әнел Сақыш — Энхжаргал Мунгунцэцэг (Моңғолия)

54 кг (әйелдер)

Элина Базарова — Моник Сурачи (Австрия)

55 кг (ерлер)

Бағлан Кенжебек — Абдулазиз Абдуназаров (Өзбекстан)

55 кг (ерлер)

Тимур Қабдешов — Лоренцо Патрицио (АҚШ)

Кешкі сессия (21:00, Астана уақыты)

А рингі

65 кг (ерлер)

Әбдікәрім Әбдіғалым — Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан)

65 кг (ерлер)

Илья Калинин — Заур Гахраманов (Әзербайжан)

65 кг (ерлер)

Ертуған Зейноллинов — Джейсон Невин (Ирландия)

90 кг (ерлер)

Дәулет Төлемісов — Семён Болдырев (Болгария)

В рингі

85 кг (ерлер)

Сұлтанбек Айбарұлы — Саба Квиникадзе (Грузия)

85 кг (ерлер)

Бекзат Таңатар — Паоло Карузо (Италия)

90 кг (ерлер)

Нурмагамед Юсупов — Роселин Бачевски (Болгария)

Айта кетейік, бүгін Бағлан Кенжебек, Тимур Қабдешов және Нурмагамед Юсупов турнирдегі екінші жекпе-жектерін өткізеді.

24 февраля, 2026
11

«Странджа» турнирінің алғашқы күні қалай өтті?

Бүгін, 23 ақпан күні Болгария астанасы Софияда 77-ші «Странджа» турнирі басталды.

Бірінші жарыс күні 10 отандасымыз сынға түсіп, бесеуі келесі кезеңге өтті.

Күндізгі сессия. 17:00

1-жұп. 50 келі. А рингі
Асылбек Жалилов (Өзбекстан, 2024 жылғы Азия чемпионы) - Бекзат Алдамжаров (Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері) - 5:0

2-жұп. 70 келі. В рингі
Арсен Чабиан (Аустрия) - Фарух Тоқтасынов (Қазақстан) - 0:5

6-жұп. 55 келі. А рингі
Ниджат Гусейнов (Париж Олимпиадасының қатысушысы, U22 санатында 2 дүркін Еуропа чемпионы) - Бағлан Кенжебек - 0:5

10-жұп. 55 келі. А рингі.
Тимур Қабдешов - Пэтси Джойс (2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) - 5:0

10-жұп. 70 келі. В рингі.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Абдулазиз Журакулов (2024 жылғы жастар арасында әлем чемпионы) - 5:0

13-жұп. 90 келі. В рингі.
Нурмагамед Юсупов - Коннор Уильямс (Уэльс) - 4:0

Кешкі сессия. 21:00
2-жұп. 60 келі. А рингі
Руслан Күзеубаев - Салим Еллис Бей (АҚШ чемпионы) - 2:3

4-жұп. 60 келі. А рингі
Лундаа Гантумур (2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері) - Жексен Бейбарыс - 4:1

12-жұп. 80 келі. В рингі.
Диас Молжігітов - Робби Гонзалес (АҚШ, 2021 жылғы әлем чемпионы) - 1:4

14-жұп. 80 келі. В рингі.
Кауэ дос Сантос Белини (Бразилия) - Санжарали Бегалиев -5:0

23 февраля, 2026
10

«Странджа» турниріндегі қарсыластарымыз белгілі

Болгария астанасы София қаласында 23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды. 

Биылғы бәсекеде 31 елден 338 боксшы (209 ер және 129 әйел) тіркелді.

Ерлер

50 келі. Даниял Сәбит - Улаш Ялчинкая (Түркия), Бекзат Алдамжаров - Асылбек Жалилов (Өзбекстан)

55 келі. Тимур Қабдешов - Пэтси Джойс (Ирландия), Бағлан Кенжебек - Ниджат Хусейнов (Әзербайжан)

60 кгелі Бейбарыс Жексен - Лундаа Гантумур (Моңғолия), Руслан Кузеубаев - Салим Эллис-Бей (АҚШ)

65 келі. Ертуған Зейнуллинов - Джейсон Невин (Ирландия), Әбдікәрім Әбдіғалым - Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан), Илья Калинин - Заур Гахраманов (Әзербайжан)

70 келі. Фарух Тоқтасынов - Арсен Чабян (Аустрия), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Абдулазиз Журакулов (Өзбекстан)

80 келі: Санжарәли Бегалиев - Кауэ дос Сантос Белини (Бразилия), Диас Молжігітов - Робби Гонсалес (АҚШ)

85 келі: Сұлтанбек Айбарұлы - Саба Квиникадзе (Грузия), Бекзат Таңатар - Паоло Карузо (Италия)

90 келі: Нурмагамед Юсупов - Коннор Уильямс (Уэльс), Дәулет Төлемісов - Семён Болдырев (Болгария)

90 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай - Даниял Сапарбай.

Әйелдер

48 келі. Айгерим Сәттібаева - Анна Охота (Украина), Әнел Кдайберген - Сабина Бобокулова (Өзбекстан)

51 келі, Жазира Орақбаева - Фатиха Мансури (Алжир), Анита Әдішева - Кейтлин Фрайерс (Ирландия)

54 келі. Элина Базарова - Моник Сурачи (Аустрия), Жайна Шекербекова - Тала Хаббас (Болгария), Әнел Сақыш - Энхжаргал Мунгунцэцэг (Моңғолия)

57 келі. Ұлжан Сарсенбек - Айдана Забынбекова

60 келі. Виктория Графеева - Гизем Озер (Түркия) / Келли Маклафлин (Ирландия), Римма Волосенко - Алиша Крокетт (АҚШ)

65 келі. Лаура Есенгелді - Мэри-Энджелис Росендо (АҚШ), Аружан Жаңабаева - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

70 келі. Бақыт Сейдиш - Вивиан дос Сантос Перейра (Бразилия), Мәдина Нұршаева - Дилара Сак (Түркия)

75 келі. Валентина Хальзова - Амалия Нита (Румыния), Мария Сидоренко - Наоми Грэм (США)

80 келі. Надежда Рябец - Ярен Дюзташ (Түркия) / Рухшона Парпиева (Өзбекстан)

80 келі. Дина Исламбекова - Хавванур Кетхюда (Түркия), Валерия Аксенова - Собирахон Шахобиддинова.

22 февраля, 2026
10