Қазақстандық 12 боксшы Странджа кубогының келесі кезеңіне шықты
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан Странджа кубогының екінші жарыс күнінде қазақстандық 12 боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Болгария астанасы София қаласында 23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.
Биылғы бәсекеде 31 елден 338 боксшы (209 ер және 129 әйел) тіркелді.
Азия чемпионатының алдындағы сынақ: боксшыларымыз «Странджа» турниріне қатысады
Бокстан 23 ақпан – 2 наурыз күндері аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде ұлттық құраманың 39 cпортшысы бақ сынайды.
Қандай маңыздылығы бар?
Ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов «Boxam» (Испания), «Странджа» (Болгария) халықаралық турнирі мен екі оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша, Моңғолияда өтетін Азия чемпионатының (28 наурыз – 11 cәуір) тізімін жасақтайды.
Қандай елдер қатысады?
Турнирге 36 елден 300-ден аса спортшы тіркелген. Олардың арасында жарыс қожайыны Болгариядан бөлек, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан Қытай Тайпейі және т.б мемлекеттер бар.
Бұл турнир жайлы не білеміз?
- Ең алғаш 1994 жылы Қазақстан құрамасы бақ сынап, 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған. - Дәл қазіргі сәтте бұл турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншілегенбіз. - Елімізден 2005 жылы Серік Сәпиев 60 келі салмақта алғашқы чемпион ретінде тіркелген.
Осы турнирден не күтеміз?
- Әйелдер арасында Валентина Хальзова Странджа турнирін 2 мәрте жеңген. Ал ерлер арасында Ертуған Зейнуллинов 2 рет қатарынан чемпион атануға мүмкіндігі бар.
- 2025 жылы Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеп, 6 алтын жүлдемен жалпы есепте бірінші орын алған болатын.
16-19 ақпан күндері аралығында Қазақстан бокс федерациясының кеңсесінде еліміздегі 17 облыс және 3 мегаполистің өкілдері жұмыс жиынына қатысты.
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Болат Үкібайұлы мен бас хатшы Мерей Төлегенұлының жетекшілігімен 2025 жылдың қорытындысы жасалып, өңірдегі бокстың жағдайы талқыланды. Сондай-ақ 2026 жылдың жарыс жоспары қаралып, спортшылардың бәсекелерге толыққанды дайын болуы, өңірлердегі сапаны арттыру мақсатында өзара оқу-жаттығу жиындары, жолдастық кездесулер ұйымдастырылу жайлы сөз қозғалды.
Айта кетейік, 2026 жылы отандық боксшыларымызды төрт жылда бір мәрте өтетін XX жазғы Азия ойындары, жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада және т.б ірі додалар күтіп тұр.
20 февраля, 2026
5
Қазақстандық боксшылар Dracula Open турнирінде ел намысын қорғайды
Румынияның Плоешти қаласында U15, U17 және U19 жас санаттары бойынша Dracula Open бокстан халықаралық турнирі өтіп жатыр.
16-21 ақпан аралығында өтетін жарысқа 18 елден (Қазақстан, Румыния, Италия, Өзбекстан, Украина, Молдова, Аустрия, Кувейт, Израиль, Польша, Венгрия, Латвия, Бельгия, Словакия, Болгария, Бразилия, Грекия және Сербия) жалпы 470 боксшы қатысуға ниет білдірген.
Бүгінгі жарыс бағдарламасында Қазақстан атынан 23 боксшы өнер көрсетеді.
Жекпе-жектер Астана уақытымен кешкі 17:00 және 19:30-ға жоспарланған.
Айта кетейік, биыл U19 жас санатында «Болашақ Кубогы» (Таиланд) мен әлем чемпионаты өтеді. Ал жасөспірімдер төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын жазғы Олимпиада ойындарына (Сенегал) қатысады.
19 февраля, 2026
9
Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың турнирі неге қыздардың арасында ғана өтеді?
Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі болған Ермахан Ибраимовтың атындағы халықаралық турнир биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы орайда атақты боксшы турнирдің ерекшелігі мен болашағы туралы ойымен бөлісті.
– Олимпиада чемпиондары арасынан Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев және өз атыңыздағы турнирлер өтіп жүр. Мұндай жарысты ұйымдастыру идеясы қалай туды?
Тәуелсіз Қазақстан болғалы елімізде жарыстардың өтуі тоқтаған емес. Бізге дейін де Серік Қонақбаев, Әбдісалан Нұрмаханов, Виктор Демьяненконың атындағы жарыстар ұйымдастырылатын. Менің немесе өзге де боксшылардың турнирді өткізудегі мақсаты – туған өлкесіндегі спорттың дамуына атсалысу. Менің алғашқы бәсекем Ақтөбе қаласында басталған еді. Одан кейін Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында жалғасты. Артынша Алматы қаласына көштім.
Сіздің турнирдің басты ерекшелігі - тек қыздар арасында ғана жүлде сарапқа салынады. Неге бұл бағытты таңдадыңыз?
Бастапқыда менің жарысымда тек ұлдар ғана жұдырықтасатын. 2016 жылы қазіргі әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин маған елімізде жасөспірім және жастар санатындағы қыздар арасында бірде-бір халықаралық жарыс өтпейтіндігін айтты. Оның үстіне қазір Олимпиадада да әйелдердің салмағы уақыт өткен сайын артып жатты. Осыны ескере келе, қыздар боксының дамуына өз үлесімді қосуды жөн көрдім. Кейінгі сегіз жылда бұл бәсекеде Елдана Талипова, Бақыт Сейдіш секілді спортшылар, сондай-ақ Өзбекстаннан Олимпиада ойындарына қатысқан боксшылар жүлде үшін бақ сынады.
Турнирге Қытай, Үндістан, Моңғолия секілді елдердің қатысуына қандай факторлар әсер етеді?
Ұлттық құраманың аға жаттықтырушылары өзге елдердің бапкерлерімен тұрақты байланыста болып, жарыстар туралы алдын ала хабарлап отырады. Соның нәтижесінде кей мемлекеттер тәжірибе жинау мақсатында турнирімізге қатысуға ниет білдіреді. Биыл Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен спортшылар келді. Бұған дейін Ресей мен Түркия да қатысқан болатын. Алдағы мақсатым - қатысушы елдердің санын 10–15-ке жеткізіп, турнирді «кіші әлем чемпионаты» деңгейіне дейін көтеру.
Турнирді алдағы уақытта қалай дамытуды жоспарлап отырсыз?
Кейінгі жылдары Алматы облысында бірқатар маңызды өзгерістер жасалып жатыр. Оған Қапшағай қаласының Қонаев деп өзгертілуі, Alatau City жаңа қаласының жобасын айтуға болады. Егер алдағы уақытта ірі спорттық кешендер салынса, турнирді Қонаев қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз. Ең басты арманым - Ермахан Ибраимовтың атындағы халықаралық турнир Алматы облысының спорттық имиджін қалыптастыратын, беделді додаға айналуы.
19 февраля, 2026
9
Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтіп жатыр
15–20 ақпан күндері Алматы «Олимпиадалық даярлау орталығы» Жекпе-жек кешенінде 2008–2009 жылы туған жастар (қыздар) және 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер (қыздар) арасында бокстан VIII халықаралық турнир өтіп жатыр.
Сегізінші мәрте ұйымдастырылып жатқан халықаралық турнирге Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан және Қазақстанның түрлі облыстарынан 230 жас спортшы тіркелді.
Дәстүрлі жарыс 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Сағиұлы Ибраимов жүлдесіне арналады.
18 февраля, 2026
8
Шахмұрат Мүтәліп «Ордабасы» футбол клубының инвесторы атанды
Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды. Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, Дархан Қызайбаев «Ордабасы» футбол клубының президенті атанды. Айта кетерлік жәйт, Шахмұрат Мүтәліп пен Дархан Қызайбаев Қазақстан бокс федерациясының басшылық қызметін де әрі қарай жалғастырады.
17 февраля, 2026
9
Қазақстан бокс федерациясының кеңсесінде аймақтық бокс федерацияларының өкілдерімен кездесулер легі басталды
ҚБФ вице-президенті Болат Абдрахманов және бас хатшысы Мерей Ақшалов 4 күн бойы аймақтардағы жағдаймен тереңірек танысады. Жиында облыс пен қалалардағы бокстың дамуы бойынша есеп беріледі және маңызды мәселелер талқыланады.
16 ақпан. Түркістан облысы, Алматы облысы, Шымкент және Алматы қаласы, Жамбыл облысы.
17 ақпан. СҚО, Павлодар облысы, Қостанай облысы, Ақмола облысы және Астана қаласы.
18 ақпан. ШҚО, Ұлытау, Жетісу, Абай және Қарағанды облысы.
19 ақпан. БҚО, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облысы.